Бүгін аудан әкімі Азат Оралбаев Қоғамдық кеңес мүшелерін қабылдады.
Жиын барысында аудан әкімі Азат Оралбаев ауданда атқарылып жатқан жұмыстарға, соңғы айларда жүзеге асырылған ірі жобалар, ауылдарды абаттандыру, жол жөндеу, ауыз су мәселесі, білім және денсаулық сақтау салаларындағы жаңалықтарға кеңінен тоқталды. Сонымен қатар, әлеуметтік нысандарды жөндеу, тұрғын үй құрылысы мен кәсіпкерлікті қолдау бағыттарында нақты нәтижелер бар екенін атап өтіп, алдағы жоспарлармен де таныстырды.
— Біздің басты мақсатымыз – тұрғындардың өмір сапасын арттыру. Аудан халқының ұсыныс-пікірлері біз үшін аса маңызды. Сол себепті, Қоғамдық кеңес сияқты алаңдар арқылы елмен етене жұмыс істеуді жалғастырамыз, — деді аудан әкімі.
Қоғамдық кеңес мүшелері әкімдік тарапынан жасалып жатқан жұмыстарды жоғары бағалап, сонымен қатар, кейбір мәселелер бойынша ойларын ортаға салды.
Жиын соңында аудан әкімі Азат Оралбаев кеңес мүшелеріне белсенді азаматтық ұстанымдары үшін алғысын білдіріп, алдағы уақытта да осындай пікір алмасу мен өзара ықпалдастықтың жалғасатынына сенім білдірді.
Ордабасы ауданы әкімінің баспасөз қызметі