
Сапар барысында аудан басшысы басты назарды көпқабатты тұрғын үйлер аумағында атқарылып жатқан жұмыстарға аударды. Жауапты қызметкерлермен бірге аулаішілік жолдарды асфальттау, жаяу жүргіншілерге арналған тротуарлар салу, балалар ойын алаңдарын орнату және аумақты қоршау жұмыстарын жоспарлады. Сонымен қатар, тұрғындар үшін қолайлы әрі қауіпсіз орта қалыптастырудың маңыздылығын атап өтті.