Бүгін аудан әкімі Азат Оралбаевтың төрағалығымен аудан әкімдігінің кезекті аппараттық жиыны өтті. Жиынға аудан әкімінің орынбасары, аудан әкімі аппаратының басшысы мен қызметкерлері, дербес бөлім басшылары және түрлі сала жетекшілері қатысты.
Аппарат мәжілісінде бірнеше маңызды мәселе қаралды. Күн тәртібіндегі негізгі тақырыптардың бірі – 2025-2026 жаңа оқу жылына дайындық жайы болды. Бұл туралы аудандық білім бөлімінің басшысы Шұға Нұрбаева баяндама жасап, білім беру мекемелерінің жөндеу жұмыстары, материалдық-техникалық базамен қамтамасыз етілуі және педагог кадрлармен қамтылу жайына кеңінен тоқталды.
Сонымен қатар, жиында ауданның әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері туралы аудандық экономика бөлімінің басшысы Алтынай Сихымбаева есеп берді. Ол өңірдің негізгі даму бағыттары, инвестициялық жобалар мен бюджеттік бағдарламалардың орындалу барысына тоқталды.
Аудан көлеміндегі сыртқы көрнекі ақпарат құралдарының жай-күйі де күн тәртібінен тыс қалмады. Бұл мәселе бойынша аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Әділ Ысқақ сөз сөйлеп, көрнекі ақпарат құралдарының талапқа сай болуы жөнінде баяндама жасады.
Санитарлық тазалық мәселесі де өзекті тақырыптардың бірі болды. Елді мекендердегі тазалық жұмыстарын ұйымдастыру жайында аудан әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық бөлімінің басшысы Марат Туреев баяндама жасап, ауылдық округтердегі санитарлық ахуал мен жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы мәлімет берді.
Жиын қорытындысында аудан әкімі Азат Оралбаев барлық жауапты тұлғаларға нақты тапсырмалар беріп, жаңа оқу жылына дайындықты сапалы аяқтауды, көрнекі ақпарат құралдарын ретке келтіруді және санитарлық тазалыққа ерекше мән беруді тапсырды.
Ордабасы ауданы әкімінің баспасөз қызметі