
Іс-сапар аясында Темірлан ауылында орналасқан Өнер мектебінің жаңа ғимаратының құрылыс жұмыстары да пысықталды. Бұған дейін мектеп 1974 жылы салынған, ескірген ғимаратта жұмыс істеп келген. Бүгінде мұнда 12 түрлі өнер пәні оқытылады, кәсіби біліктілігі жоғары 42 педагог қызмет атқарады. Қазіргі таңда жаңа ғимараттың құрылысы қарқынды жүргізілуде. Мектеп 300 орынға арналған және заманауи музыка, хореография залдарымен, сондай-ақ Еуропадан жеткізілетін жаңа техникалық жабдықтармен қамтылатын болады.
Сапар барысында мердігер мекемелер мен жауапты тұлғаларға нақты тапсырмалар берілді.