Бүгін аудан әкімі Азат Оралбаев жұмыс сапарымен аудан орталығы Темірландағы бірқатар маңызды әлеуметтік және инфрақұрылымдық нысандардың қазіргі жағдайымен танысты.
Жұмыс барысында аудан басшысы көгалдандырылған аймақтардың күтімі мен тазалығын, көше жарықтарының жұмысын қадағалады. Сонымен қатар, келешекте халық серуендейтін орындардың бірі болатын, құрылысы басталуы тиіс — Депутаттар аллеясы мен Рәміздер аллеясына ерекше назар аударды.
Жаңа салынып жатқан көпқабатты тұрғын үйлердің аумағында бой көтеретін балалар ойын алаңшасының құрылысына дайындық жұмыстарымен де танысты. Бұл алаңша тұрғындардың бос уақытын тиімді өткізуіне, балалардың қауіпсіз әрі қолайлы ортада ойнауына жағдай жасауы тиіс.
Сондай-ақ, Темірлан мен Түркістан бағытындағы жол бойында салынып жатқан аяқжол құрылысын барып көріп, мердігерлерге сапа мен мерзім талабын сақтау жөнінде нақты тапсырмалар берді.
Аудан әкімі тиісті сала басшылары мен жауапты мамандарға тұрғындар игілігіне арналған нысандардың құрылысын уақтылы әрі сапалы жүргізуді тапсырып, жұмыстардың орындалу барысын жеке бақылауына алатынын жеткізді.
Ордабасы ауданы әкімінің баспасөз қызметі