✔️ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ӘКІМІ АППАРАТЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРДАБАСЫҒА ІССАПАРЫ

✔️ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ӘКІМІ АППАРАТЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРДАБАСЫҒА ІССАПАРЫ
✔️Бүгін Түркістан облысы әкімі аппаратының басшысы Еркебұлан Дауылбаев өңір аумағында жүріп жатқан бірқатар құрылыс нысандарын аралап, олардың жұмыс барысымен танысу мақсатында ауданымызға келді.
✔️Облысы әкімі аппаратының басшысын ауданымыздағы тұрғын үй, білім, мәдениет және спорт бағытындағы маңызды жобалардың жүзеге асырылу барысымен аудан әкімі Азат Оралбаев таныстырды.
Ең алдымен, Еркебұлан Дауылбаев Темірлан ауылында салынып жатқан 144 пәтері бар 10 тұрғын үйдің құрылыс алаңына барып, кешеннің сапасы мен жұмыс кестесін тексерді. Бұл үйлер аудан тұрғындарын баспанамен қамтамасыз етуге бағытталған әлеуметтік маңызы бар жобалардың бірі ретінде жүзеге асуда.
✔️Одан кейін аудан орталығында салынып жатқан тағы бір нысан музыкалық мектептің құрылысымен танысты. Бұл нысан іске қосылған соң, балалардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға және мәдениет саласын өркендетуге үлкен серпін береді деп күтілуде.
✔️Келесі кезекте, ауданға қарасты Шұбар ауылындағы спорт нысанының құрылысын бақылады. Ауыл жастары мен тұрғындарының салауатты өмір салтын ұстануына ықпал ететін бұл кешеннің сапалы әрі уақытылы аяқталуы маңызды екенін атап өтті.
✔️Сондай-ақ, Шұбарсу ауылында орналасқан Арал эко-алабында бой көтеріп жатқан 600 орындық мектептің құрылысы да назардан тыс қалмады. Бұл білім ордасы заман талабына сай жабдықталып, ауыл балаларына сапалы білім беру мүмкіндігін арттырады.
✔️Облыс тұрғындарының өмір сапасын жақсарту мен инфрақұрылымды дамыту – басым бағыттардың бірі екенін атап өткен Еркебұлан Дауылбаев жауапты қызметкерлерге аталған нысандардың барлығында құрылыс жұмыстарының мерзімінде әрі сапалы орындалуын қадағалауды тапсырды.
Ордабасы ауданы әкімінің баспасөз қызметі