✔️ЗАМАНАУИ ТАЛАПТАРҒА САЙ САЛЫНҒАН БІЛІМ ОРДАСЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ АЯҚТАЛУҒА ЖАҚЫН

✔️ЗАМАНАУИ ТАЛАПТАРҒА САЙ САЛЫНҒАН БІЛІМ ОРДАСЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ АЯҚТАЛУҒА ЖАҚЫН
Бүгін аудан әкімінің орынбасары Илияс Тұрнияз ауданымызға қарасты Бадам ауылдық округіндегі Ақбұлақ ауылында салынған жаңа мектептің құрылыс жұмыстарымен арнайы барып танысты.
"Жайлы мектеп" жобасы аясында заманауи талаптарға сай бой көтерген білім ордасының құрылысы аяқталуға жақын. Мектеп ғимаратының дизайны мен құрылымы, оқу кабинеттері, спортзал, асхана мен басқа да бөлмелер оқушылардың ыңғайына қарай жобаланған. Жаңа мектеп оқушыларға қолайлы білім алу жағдайын жасап қана қоймай, балалардың шығармашылық және спорттық дамуына да үлкен серпін беріп, ауылдың әлеуметтік инфрақұрылымын жақсартуға елеулі үлес қоспақ.
Аудан әкімінің орынбасары мектептің ішкі және сыртқы дайындық деңгейін аралап көріп, жауапты қызметкерлер мен мердігерлерге нақты тапсырмалар беріп, мектептің құрылыс жұмыстарының аяқталуын, сондай-ақ оқу жылы басталғанға дейін оның толық дайын болуын қамтамасыз ету қажеттігін атап өтті. Электр және су жүйелерінің дұрыс жұмыс істейтініне көз жеткізу керектігіне баса назар аударды.
Жаңа оқу ордасы пайдалануға берілген соң, ауыл тұрғындарының көптен күткен сұранысы орындалып, жас ұрпақтың білім алу мүмкіндігі кеңейе түспек.
Ордабасы ауданы әкімінің баспасөз қызметі