
Фестиваль бағдарлама бойынша «Этно ауыл» демалыс аймағында ауылдар ұсынған ауқымды көрмемен басталып, «Шәмші» аллеясындағы консерттік шарамен жалғасты. Қазақ вальсінің падишасы, біртуар композитор Шәмші Қалдаяқовтың туған күніне орайластыра ұйымдастырылған керемет кеште Шәмші әндері ерекше леппен әуеледі.