Ауданда білім беру инфрақұрылымын жаңғырту мақсатында, мектептерде реновация жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Жөндеу жұмыстары мектептердің оқу кабинеттерін, спорт және акт залдарын, инженерлік желілерін жаңартуды, сондай-ақ ғимараттың сыртқы қасбетін абаттандыруды қамтиды.
Бүгін аудан әкімінің орынбасары Ильяс Тұрнияз аталған нысандардың бірі Шоқан Уәлиханов атындағы мектеп гимназиясындағы құрылыс барысын аралап, орындалған жұмыстармен танысты. Сапаны бақылау мен мерзімінде аяқтау мәселесіне баса назар аударған ол, мердігерлер мен жауапты мамандарға нақты тапсырмалар берді.
Ордабасы ауданы әкімінің баспасөз қызметі