АУДАНДЫҚ МАҢЫЗЫ БАР ЖОЛҒА АСФАЛЬТ ТӨСЕЛДІ

АУДАНДЫҚ МАҢЫЗЫ БАР ЖОЛҒА АСФАЛЬТ ТӨСЕЛДІ
🛣️Аудандық маңызы бар автожолдарды жақсарту, ауыл тұрғындарының қауіпсіз әрі жайлы жүріп-тұруын қамтамасыз ету мақсатында, ауданға қарасты Амангелді ауылына апаратын жолға асфальт жабындысы толық төселді.
Қазіргі таңда аталған нысанда жол жиегін ретке келтіру шаралары атқарылуда.
🛣️ Жұмыстар толық аяқталған соң, жол инфрақұрылымы жаңа сапа деңгейіне көтеріліп, тұрғындар игілігіне қызмет ететін болады.
Ордабасы ауданы әкімінің баспасөз қызметі