Бүгін құрылысшылар күні мерекесіне орай, аудан әкімінің орынбасары Олжас Болатханұлы бірқатар еңбегі еселі құрылыс саласының азаматтарын марапаттады.
« Сіздерді бүгінгі мерекемен шын жүректен құттықтай отырып, қажырлы еңбектеріңізбен ауданымыздың өркендеуіне атсалысып жүргендеріңіз үшін үлкен алғыс білдіремін», -деп ізгі тілегін арнаған әкім орынбасары сала біліктілерімен емен-жарқын пікір алмасты.
Ордабасы ауданы әкімінің баспасөз қызметі