⚜️АБАЙ ДАНАЛЫҒЫ. АБАЙ МҰРАСЫ. АБАЙ СЫРЛЫ ӘЛЕМІ

⚜️АБАЙ ДАНАЛЫҒЫ. АБАЙ МҰРАСЫ. АБАЙ СЫРЛЫ ӘЛЕМІ
⚜️ Аудандық Мәдениет Үйіне қарасты Берген Исаханов ауылдық мәдениет үйінде қазақтың ұлы ақыны, ойшыл Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойына арналған “Адамзаттың алыбы - хакім Абай” атты рухани-танымдық іс-шара өтті.
⚜️Шара барысында Абай мұрасына арналған көрме ұйымдастырылып, мектеп оқушылары мен өнерпаздар Абай өлеңдерін оқып, әндерін орындады. Сонымен қатар, ақынның шығармашылығы мен өнегелі өмір жолына арналған баяндамалар ұсынылды.
⚜️Іс-шара ұлт руханиятын дәріптеуге, жас ұрпақты Абай тағылымымен тәрбиелеуге бағытталды.
Ордабасы ауданы әкімінің баспасөз қызметі