📚ӘЛЕМ ТАНЫҒАН АБАЙ

📚ӘЛЕМ ТАНЫҒАН АБАЙ
📚Бүгін аудан орталығы – Қажымұқан ауыл округінде ұлы ақын, данышпан ойшыл Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойына орай рухани-мәдени іс-шара өтті. Шараны ауыл округі әкімдігі, ауылдық кітапхана, аудандық орталық кітапхана және мәдениет үйінің қызметкерлері бірлесе ұйымдастырды.
📚Іс-шара аясында «Әлем таныған Абай» атты кітап көрмесі мен «Абайтануға жаңаша көзқарас» тақырыбында оқырмандармен әдеби кездесу өтті.
📚Шараның негізгі мақсаты – ұлы ақынның өнер-білім туралы өсиеттері мен өлеңдерін кеңінен насихаттау, жастардың қазақ әдебиетіне, Абай мұрасына деген сүйіспеншілігін арттыра отырып, оларды елін сүйген нағыз патриот болуға баулу.
📚Кеш барысында қатысушылар Абай Құнанбайұлының өмір жолы мен шығармашылығына шолу жасап, ақынның өлеңдерін мәнерлеп оқыды. Сондай-ақ мәдениет үйінің өнерпаздары Абай әндерін әуелете орындап, көпшілікке рухани әсер сыйлады.
Ордабасы ауданы әкімінің баспасөз қызметі