📚 АБАЙ АПТАЛЫҒЫ АЯСЫНДАҒЫ ІС-ШАРАЛАР БАРЫСЫ

📚 АБАЙ АПТАЛЫҒЫ АЯСЫНДАҒЫ ІС-ШАРАЛАР БАРЫСЫ
Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойына арналған 10 күндік іс-шаралар аясында, ауданымызға қарасты Дербес ауылдық кітапханасында «Адамзаттың алыбы – хакім Абай» атты әдеби-сазды кеш өтті.
🖋️ Кеш барысында:
▪️ Ұлы ақынның өмірі мен шығармашылығына шолу жасалды;
▪️ Өлеңдері мен әндері мәнерлеп оқылып, орындалды;
▪️ Қатысушылар шығармашылықпен айналысып, ақын мұрасына терең бойлады.
📚 Сонымен қатар, «Ақын есімі – ел есінде» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, оқырманға жол тартты.
Ұлт руханиятынаның тірегі Абай мұрасын ұлықтау – ұрпаққа үлгі!
Ордабасы ауданы әкімінің баспасөз қызметі