Ауданымызда ұлы ақынымыз Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойын кең көлемде атап өту мақсатында 1–10 тамыз аралығында мәдени-танымдық іс-шаралар ұйымдастырылуда.
Аталған іс-шаралар шеңберінде аудандық орталық кітапхананың ұйымдастыруымен «Абай мұрасы – тәрбиенің қайнар көзі» атты тақырыптық кітап көрмесі жасақталып, кітапхана оқырмандары арасында «Әлем таныған Абай» атты әдеби кеш өткізілді.
Шараның басты мақсаты – ұлы ақынның өнегелі өмірі мен шығармашылығын кеңінен насихаттау, көркем сөйлеуге баулу, оқырмандардың шығармашылық ізденісін арттыру, рухани мұрасын жас ұрпақ санасына сіңіру. Кеш барысында Абай Құнанбайұлының өлеңдері мен әндері мәнерлеп оқылып, ақын мұрасына арналған көрме таныстырылды.
Сонымен қатар Қарақұм ауылдық кітапханасында «Адамзаттың алыбы – хакім Абай» атты әдеби-танымдық кеш ұйымдастырылып, шараға жергілікті зиялы қауым өкілдері мен қоғамдық ұйым жетекшілері қатысты. Кеш аясында Абай әндері орындалып, шығармаларынан үзінділер оқылып, ақын туралы тарихи естеліктер мен деректер ұсынылды.
Абай мұрасын ұлықтауға бағытталған бұл шаралар жас ұрпақтың рухани дүниесін байытып, ұлттық құндылықтарды тереңірек тануына жол ашты.
Ордабасы ауданы әкімінің баспасөз қызметі