🎓ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫН ҮЗДІК БІТІРГЕН ТҮЛЕК МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕ КОНКУРССЫЗ ҚАБЫЛДАНДЫ

🎓ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫН ҮЗДІК БІТІРГЕН ТҮЛЕК МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕ КОНКУРССЫЗ ҚАБЫЛДАНДЫ
Ағымдағы жылдың маусым айында жоғары оқу орнын үздік аяқтаған бірқатар жас маман мемлекеттік қызметке конкурстан тыс қабылданды. Бұл — Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, дарынды жастарды қолдау және мемлекеттік басқару саласына білікті кадрларды тарту бағытындағы маңызды әрі нақты қадам.
Сол жас мамандардың бірі біздің ауданымыздағыҚалдыбай Гүлдана Сұлтанқызы. Ол Халықаралық туризм және меймандостық университетінде білім гранты негізінде оқып, GPA көрсеткіші 3.43 баллды құрап, 2025 жылдың 17 маусымында оқу орнын үздік тәмамдаған. Жас түлек бүгінде аудан әкімдігінің Қажымұқан ауылдық округі әкімі аппаратына жетекші маман лауазымына тағайындалып, еңбек жолын мемлекеттік қызметтен бастады.
Бүгін аудан әкімі аппаратының басшысы Жұманәлі Қадиев жас қызметкерді жеке қабылдап, жаңа жұмыс орнымен таныстырды. Аппарат басшысы мемлекеттік қызметтің маңызы мен жауапкершілігі жөнінде жан-жақты түсіндіріп, қызмет барысында қатаң сақталуы тиіс кәсіби этика, тәртіп пен талаптар туралы кеңінен мағлұмат берді.
Сондай-ақ, жас маманға кәсіби әлеуетті дамытуға бағытталған қолдау шаралары мен тәжірибелік бағыт-бағдар ұсынылды.
Сондай-ақ мемлекеттік қызмет жолында табыс тілеп, адалдық пен еңбекқорлықты басты қағида етіп ұстануға шақырды.
Бұл бастама – білікті жас мамандардың ел дамуына үлес қосуына мүмкіндік беретін маңызды платформа екенін тағы бір мәрте айқындап отыр.
Ордабасы ауданы әкімінің баспасөз қызметі