Бүгін аудан әкімі Азат Оралбаев ауданға қарасты ауыл округтеріндегі кәсіпкерлік-инвестициялық, спорттық-туристік, білім-тәрбиелік және ауылшаруашылық нысандардың ағымдағы ахуалын қадағалады.
- Ең алдымен Шұбарсудағы арнайы бөлінген кәсіпкерлік аймақтағы жылыжай жағдайын барып көрді. Келесі ретте Темірландағы құрылысы аяқталып, жақында ашылатын Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы мәдени-спорттық кешендегі өтіп жатқан ауқымды сенбілік пен өзге де жұмыс барысын бақылады. Одан бөлек шетелдік инвестор арқылы жүзеге аспақшы сүйек өңдеу зауыты орналасатын жер теліміндегі дайындық шараларын саралады.
- Сапар барысында Төрткүл ауылы аумағындағы жол бойын ретке келтіру жұмысына назар аударып, одан кейін Қарақұм ауылындағы Тұрансу ЖШС-нің лоток өндіретін кәсіпорынына табан тіреді. Бұл нысанда тиісті қызметкерлер және мамандармен бірге алда іске қосылатын өндіріс процесінің жай күйін пысықтады.
- Жеңіс ауылындағы тамшылатып суару технологиясы енгізілген мақта егілген алқапқа арнайы барып, шаруалармен егістік жайын зерделеген аудан әкімі сапарын кезекті рет Қажымұқан округі аумағындағы балалар жазғы сауықтыру лагеріндегі күрделі жөндеу жұмыстарын бақылаумен түйіндеді.
Ордабасы ауданы әкімінің баспасөз қызметі