ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУ ӨТТІ

ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУ ӨТТІ
Бүгін аудан әкімі Азат Оралбаев тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдады. Кезекті жеке қабылдауға әкім орынбасары мен дербес бөлім басшылары ауыл округ әкімдері қатысты.
Қабылдауға келген азаматтар тұрғын үй, көше атауын беру мәселесін айтты. Одан бөлек тізімнен тыс тұрғындарды қабылдап, өтініштерін тыңдады.
Аудан басшысы азаматтардың арыз-шағымдары мен ұсыныстарын жеке-жеке тыңдап, айтылған мәселелер тұрақты бақылауда болатынын жеткізді.
Сондай-ақ орынбасары мен бөлім басшысына мәселелерді талдап, зерделеу жұмыстарын жүргізу керектігін және заң аясында шешу жолдарын қарастыруды тапсырды.
Ордабасы ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі