АУДАНДА ПРОБАЦИЯ БОЙЫНША ЖИЫН ӨТТІ

АУДАНДА ПРОБАЦИЯ БОЙЫНША ЖИЫН ӨТТІ
Бүгін аудан әкімінің орынбасары Илияс Тұрнияздың төрағалығымен «аудан әкімдігі жанындағы қылмыстық жазаны және құқықтық ықпал ету шараларын атқарушы мекемелердің қызметіне жәрдемдесу, қылмыстық жазасын өтеген азаматтарға әлеуметтік көмектер ұйымдастыру» жөніндегі кеңесші органның кезекті жиыны өтті.
Мәжіліске аудан прокурорының орынбасары Ерлан Мұсаев және тиісті сала басшылары мен қызметкерлері қатысты.
Күн тәртібінде;
- Аудандық пробация есебінде тұрған азаматтарға және олардың отбасына көрсетілетін көмектер, пробация есебінде тұрған азаматтарды жұмыспен қамту және қайтарымсыз грант беру, пробация есебінде тұрған азаматтардың балаларына көрсетілетін көмектер жөнінде талқыланды.
Ордабасы ауданы әкімінің баспасөз қызметі