ӨНЕРМЕН ӨРІЛГЕН «БАҚ ЖҰЛДЫЗДАРЫ» БАЙҚАУЫ

ӨНЕРМЕН ӨРІЛГЕН «БАҚ ЖҰЛДЫЗДАРЫ» БАЙҚАУЫ
⚜️Ауданымызда «Журналистер күні» мерекесі әрі төл басылымымыз «Ордабасы оттары» газетінің 90 жылдық мерейтойы аясында «БАҚ жұлдыздары» атты ерекше форматтағы іс-шара өтті.
⚜️Жобаның мақсаты – журналистер арасындағы ынтымақтастықты нығайту, БАҚ өкілдерінің журналистика саласынан өзге де шығармашылық қырлары мен өнерлерін танытуға мүмкіндік сыйлау.
⚜️Аудан әкімдігі қолдауымен және жергілікті азаматтардың демеушілігімен ұйымдастырылған байқауға Түркістан облысы және Шымкент қаласының БАҚ өкілдері қатысты.
⚜️Іс-шара Базарбек Түкібайдың сөзіне жазылған Құрманәлі Жылқыбайдың "ЖУРНАЛИСТЕР" әнімен ашылып, аудан әкімінің орынбасары Илияс Тұрнияз мереке иелерін құттықтады. Байқауға қатысушылар екі нөмірде өнерлерін көрсетіп, елге белгілі түлғалардан құралаған қазылар алқасы әділ бағасын берді.
⚜️Байқау қорытындысы бойынша, бас жүлдені ардагер журналист, Сарағаш ауданының Құрметті азаматы, «Облысқа сіңірген еңбегі үшін», «Шымкент қаласын дамытуға қосқан ерекше үлесі үшін» және «Еңбек ардагері» медальдерінің иегері, «Алтын қауырсын» номинациясының үш дүркін лауреаты Асхан Майлыбаева иеленді. Бірінші орын композитор, мәдениет саласының үздігі, "Ерен еңбегі үшін" медалінің иегері, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі Бекжігіт Сердәліге бұйырды.
Іс-шара аясында арнайы көрме ұйымдастырылып, қонақтар мен журналистер мерейлі «Ордабасы оттары» басылымының шежірелі тарихымен танысты. Жеңімпаздар мен барлық қатысушыларға алғыс хаттар мен арнайы сыйлықтар табысталды. Сондай-ақ, «Оңтүстік Қазақстан газеті, "ТҮРКІСТАН" телеарнасы, Түркістан облыстық "ҚАЗАҚ ТІЛІ" қоғамы т.б. ұжымдар ерекше көзге түскен таланттарға арнайы жүлделерін табыс етті.
⚜️Айта кетерлігі "БАҚ жұлдыздары" өнер байқауы осыдан 15 жылдан арыда Шымкент қаласында облыстық деңгейде дүркіреп өткен болатын. Жоба авторлары Ордабасы ауданының Құрметті азаматы Құрманәлі Жылқыбай мен белгілі сатирик, журналист Базарбек Түкібай. Содан бері облыстық масштабтағы бұл жоба алғаш рет Ордабасы ауданында жаңа серпін алып отыр. Жоба жетекшілері аталған байқауды республикалық деңгейде ұйымдастыруға ниетті екенін жеткізді.
Ордабасы ауданы әкімінің баспасөз қызметі