⚜️ҚҰРМЕТТІ ЖЕРЛЕСТЕР!

⚜️ҚҰРМЕТТІ ЖЕРЛЕСТЕР!

Сіздерді елдігіміз бен бірлігіміздің нышаны – Астана күні және ұлттық рухымыздың айғағы – Ұлттық домбыра күні мерекелерімен шын жүректен құттықтаймын!

Астана – тәуелсіздіктің тірегі, ел болмысын айқындайтын киелі орда. 1998 жылы жаңа астана мәртебесін алған Елордамыз биыл 27 жасқа толып отыр.
Осы аз ғана уақыт ішінде Астанамыз жаһан таныған заманауи мегаполиске айналды. Бұл – халқымыздың ауызбіршілігі мен Мемлекет тарапынан жүргізілген саясаттың жарқын көрінісі.
Сондай-ақ шілде айының алғашқы жексенбісінде тойланатын Ұлттық домбыра күні – ұлтымыздың ұлы мұрасын ұлықтайтын ерекше күн.
Домбыра – халқымыздың қанына сіңген өнердің, руханияттың алтын діңгегі. Бұл күн – бабадан жеткен асыл мұраны бағалау, жас ұрпаққа аманат ету мерекесі.
Ауданымызда ұлттық өнерді дамытуға, дәстүрді жаңғыртуға үлкен көңіл бөлінуде. Ауданымыздағы
44 мәдениет мекемесінің көпшілігінде домбыра үйірмелері жұмыс істеп, талай жас өнерге қанат қақтырып келеді.

АРДАҚТЫ АҒАЙЫН!

Баршаңызға амандық, шаңырақтарыңызға шаттық, еңбектеріңізге береке тілеймін!

Ізгі ниетпен,
Ордабасы ауданының әкімі
Азат Оралбаев