Бүгін аудан әкімі Азат Оралбаев азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады. Қабылдауға аудан әкімі аппаратының басшысы, дербес бөлімдердің жетекшілері, жауапты мекеме мамандары мен ауыл округтерінің әкімдері қатысты.
Кезекті жеке қабылдауда тұрғындар ауызсу тапшылығы, ағынсу жеткіліксіздігі, электр жарығының тұрақсыздығы, тұрғын үй мен жол мәселелерін көтерді. Сонымен қатар, алдын ала тізімде болмаған азаматтар да қабылданып, олардың өтініш-тілектері мұқият тыңдалды.
Аудан басшысы әрбір мәселені жеке қарап, тиісті бөлім басшыларынан нақты атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде есеп алды.
Сондай-ақ, аудан әкімі жауаптыларға кейбір күрделі мәселелерді тексеріп, жедел шешім қабылдауды міндеттеді. Қойылған талаптардың нақты орындалуын және олардың нәтижелілігін қамтамасыз ету тапсырылды.