ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУ ӨТТІ

ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУ ӨТТІ
Бүгін аудан әкімі Азат Оралбаев тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдады.
Қабылдауға келген азаматтар денсаулық сақтау, тұрғын үймен қамту, инфрақұрылымдық мәселелер, жеке кәсіпкердің мәселесі, санитарлық тазалық, сондай-ақ қоғамдық көлік бағыттары жөнінде өтініш-тілектерін жеткізді.
🔹 Аудан басшысы азаматтардың сауалдарына жауап бере отырып, әрбір мәселеге егжей-тегжейлі тоқталып, сала қызметкерлеріне нақты тапсырмалар жүктеді.
🔹 «Тұрғындар көтерген әрбір мәселе – біз үшін маңызды. Барлық ұсыныс-тілектер заң аясында, өзара келісіммен шешіледі», – деп атап өтті.
👥 Қабылдауға келген тұрғындар аудан әкімімен ашық сұхбаттасып, мәселелер шешімін тапты.
🤝 Ашық диалог – тиімді басқарудың негізі!
Ордабасы ауданы әкімінің баспасөз қызметі