АУДАН ӘКІМІ ШҰБАРСУДЫ АРАЛАДЫ

АУДАН ӘКІМІ ШҰБАРСУДЫ АРАЛАДЫ
Бүгін аудан басшысы Азат Оралбаев Шұбарсу ауыл округіне жұмыс сапарымен барды. Сапар барысында округтегі көше келбеті, ішкі жолдардың жағдайы және кәсіпкерлік мақсаттағы жылыжай аймағы назарға алынды.
✅ Елдімекенге кіреберіс пен ішкі көшелердің және көше бойына орналасқан сауда нысандары мен аялдамалардың қазіргі ахуалы зерделеніп, жөндеу және ретке келтіру жұмыстары бойынша нақты тапсырмалар берілді.
✅ Арнайы бөлінген кәсіпкерлік аймақтағы жылыжайларды аралап, кәсіпкерлердің тыныс-тіршілігімен танысты.
✅ Шағын бизнесті бастаушылардың алдағы жоспарлары талқыланып, ұсыныстары тыңдалды.
Аудан басшысы жауапты қызметкерлерге жергілікті халықтың тұрмыс сапасын арттыру, кәсіпкерлікке қолайлы жағдай жасау – басты міндет екенін атап өтіп, кәсіп иелеріне қолдау көрсетуді тапсырды.
Ордабасы ауданы әкімінің баспасөз қызметі