Бүгін аудандық мәслихатының VIII шақырылымындағы кезекті 33-сессиясы өтті.
Жиынға аудан әкімі Азат Оралбаев, аудандық мәслихат төрағасы Бақдәулет Құрманбекұлы, аудан әкімінің орынбасарлары, аудандық бөлім басшылары, ауыл округтерінің әкімдері және мәслихат депутаттары қатысты.

Күн тәртібінде аудан үшін маңызды бірқатар мәселелер қаралды:

2024 жылғы аудандық бюджеттің орындалу барысы,

Ауыл округтерінің бюджеттерінің орындалуы,

Аудандық экономика және қаржы бөлімінің есебі,

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің есебі,

Бадам, Бөген, Қажымұқан және Жеңіс ауыл округтері әкімдерінің есептері,

2025–2029 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жоспарын бекіту,

Аудандық аумақтық және кейбір учаскелік сайлау комиссиясы мүшелерін босату туралы мәселе.