ҚАРЖЫЛЫҚ САУАТТЫЛЫҚ - ҚАРАПАЙЫМ ҰҒЫМ

ҚАРЖЫЛЫҚ САУАТТЫЛЫҚ - ҚАРАПАЙЫМ ҰҒЫМ
Мемлекет басшысы Қазақстан халқына жолдауында «Заң мен тәртіп» қағидасын кеңінен насихаттай отырып, азаматтардың қаржылық қауіпсіздігін арттырып, қаржылық пирамидалар мен алаяқтық схемаларға қарсы иммунитет қалыптастыруды тапсырған болатын. Тапсырмаға сәйкес ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің бастамасымен еліміздің барлық өңірлерінде «21 ғасырдың қаржылық триггерлері» атты республикалық форум өткізілуде.
Осыған орай бүгін ауданымызда қаржылық қауіпсіздік тақырыбындағы форум өтті. Жиналысқа аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Әділ Ысқақ, аудандық прокуртураның прокуроры Ердос Әріпбай, ауданның зиялы қауым өкілдері, түрлі этнос жетекшілері, жастар, заңгерлер және ауыл округі тұрғындары қатысты.
Форум аясында қаржы саласындағы қауіптер мен қазіргі заманда жиі кездесетін қаржылық пирамидалар, заңсыз инвестициялық жобалар, дроптар және олардың салдары туралы кең көлемде ақпарат берілді. Баяндамашыларға қатысушылар тарапынан қосымша сұрақтар қойылып, толыққанды жауаптар берілді.
Ордабасы ауданы әкімінің баспасөз қызметі