Бүгін аудан әкімі Азат Оралбаевтың төрағалығымен және сала орынбасары, тиісті бөлім басшысы, аумақ әкімі, ауыл шаруаларының қатысуымен жиын өтті.
Жиында суару маусымына орай, Қажымұқан ауыл округіндегі каналдардағы ағынсуды тиімді пайдалану жолдары талқыланды.

Шаруалардың нақты ұсыныстары сараланып, алдағы жұмыстар пысықталды.

Мақсат – суару маусымында барлық шаруашылықтардың ағынсумен қамтылуына жағдай жасау.
Ордабасы ауданы әкімінің баспасөз қызметі