КӨГАЛДАНДЫРЫЛҒАН НЫСАНДАРДЫ КҮТІП ҰСТАУ ЖҰМЫСТАРЫ ПЫСЫҚТАЛДЫ

КӨГАЛДАНДЫРЫЛҒАН НЫСАНДАРДЫ КҮТІП ҰСТАУ ЖҰМЫСТАРЫ ПЫСЫҚТАЛДЫ
Бүгін аудан әкімі Азат Оралбаев аудан орталығы Темірландағы бірқатар көгалдандырылған нысандарды аралап, ондағы атқарылып жатқан күтіп баптау жұмыстарының барысын қадағалады.
Аудан басшысы алдымен «Құртай» каналының жағалауы мен абаттандыру мекемесіне барып, мекеменің материалдық-техникалық базасы мен жұмысшылар жағдайына назар аударды.
Одан кейін «Депутаттар аллеясы» мен «Шәмші Қалдаяқов» аллеясына арнайы ат басын бұрып, күтіп ұстау жұмыстарының сапасын тексерді. Халықтың демалысына арналған бұл аймақтарда тазалық, реттілік жүйесін жақсарту және гүлзарларды баптау жұмыстары күн тәртібіне қойылды.
Сонымен қатар, аудан әкімі Амангелді ауылының бұрылысындағы ағаш бауына аялдап, отырғызылған ағаштардың күтімі мен суарылуы жайлы жауапты мамандармен пікір алмасты. Табиғи көріністі көркейту, суару жүйесі мен отырғызылған жасыл желектердің жағдайы бойынша жауапты тұлғаларға нақты тапсырмалар жүктелді.
Тазалық пен тәртіпті сақтау, жасыл желекті күту – ортақ міндет екенін атап өтті.
Ордабасы ауданы әкімінің баспасөз қызметі