МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ - МӘРТЕБЕЛІ МІНДЕТ!

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ - МӘРТЕБЕЛІ МІНДЕТ!
⚜️Дамыған мемлекет тиімді әрі нәтижелі мемлекеттік қызметтің негізінде құрылады. Заманауи, сапалы мемлекеттік қызмет елдің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуында ең басты рөл атқарады. Билікке деген сенім қоғамның талаптарына сай мемлекеттік қызметшіден басталады.
Мемлекеттік қызметшілердің қоғамдағы рөлін айшықтау мақсатында 2002 жылы Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясында 23 маусым Мемлекеттік қызметшілер күні деп жарияланды. Осыған орай, біздің мемлекетімізде де 23 маусым «Мемлекеттік қызметшілер күні» болып бекітілді.
⚜️Бүгін аудандық Мәдениет үйінде аудан көлемінде қызмет атқарып жүрген мемлекеттік қызметшілердің қатысуымен осынау мерекеге арналған салтанатты іс-шара өтті.
⚜️Іс-шарада алғашқы сөз кезегі аудан әкімінің міндетін уақытша қоса атқарушы Мейрамбек Ақмұратовқа берілді. Аудан әкімінің орынбасары ауданымыздың қарқынды дамуы мемлекеттік қызметшілердің қажыр қайратына, ұмтылыстары мен жiгерлеріне тікелей байланысты екенін, халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асуы үшін жауапкершілік мемлекеттік қызметшілерге артылатынын атап өтіп, баршаны айтулы мерекемен шын жүректен құттықтады.
⚜️Сонымен қатар, аудандық мәслихаттың төрағасы Бақдәулет Жұмабеков те мемлекеттік қызмет саласында абыройлы еңбек етіп жүрген қызметкерлерге жүрекжарды құттықтау лебізін жеткізді.
Сондай ақ, ел үшін еңбек етіп жүрген бірқатар мемлекеттік қызметкерлер мейрамға орай арнайы алғысхаттармен марапатталды.
⚜️Салтанатты жиын соңы аудандық мәдениет үйі өнерпаздарының қатысуымен ұйымдастырылған мерекелік концерттік бағдарламаға ұласты.
⚜️Барша мемлекеттік қызметшілерді кәсіби мерекелерімен құттықтай отырып, мемлекет мүддесі мен ел игілігі жолындағы атқарып жатқан еңбектеріне табыс тілейміз!
Ордабасы ауданы әкімінің баспасөз қызметі