ҚҰРМЕТТІ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР!

ҚҰРМЕТТІ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР!
⚜️Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаевтың Жарлығымен белгіленген Қазақстан Республикасында мемлекеттік басқаруды дамытудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасында негізінен тиімді, әділ, ашық, қоғамның сұраныстарына жедел ден қоятын, “Халық үніне құлақ асатын мемлекет” қағидасы бойынша жұмыс істейтін мемлекеттік аппаратты қалыптастыру міндеті қойылған.
Мемлекет басшысы Түркістанда өткен ұлттық құрылтайдағы «Әділетті қазақстан-Адал азамат» тақырыбында сөйлеген сөзінде: Шын мәнінде біз айттып жүрген Әділетті Қазақстанды адал азаматтар құрады. Ең бастысы біз мемлекеттік аппарат өкілдерінің сана-сезімін өзгертуге аса мән беруіміз қажет. Ол да туған-туысқандарының арасында не болмаса қоғамда абырой – беделге ие болуды емес, ең алдымен халыққа, елге адал қызмет етуді мақсат тұтуы тиіс.
Мемлекеттік қызметші азаматтың мүдделерін бәрінен жоғары қою керек және жүктелген міндеттемелерді адал орындауды өз міндетті деп санауы тиіс. Сонымен қатар, мемлекеттік қызметшілер қызметтік қарым-қатынасы кезінде әріптестерінің ар-намысы мен абыройына кір келтіретін жеке және кәсіптік қасиеттерін талқылаудан аулақ болуға және басшылар қарамағындағы қызметшілермен қарым-қатынас кезінде: меритократия қағидаттарын сақтауды қамтамассыз етуге, кадр мәселелерін шешу кезінде туыстық, жерлестік және жеке басына берілгендік белгілері бойынша артықшылы қкөрсетпеуге тиіс.
Сондықтан, мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексінің басты міндеттерінің бірі қызметкердің мінез-құлқының және өзге адамдармен қарым-қатынасының оңды болуын қамтамассыз ету, сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға және қызметтік әдеп нормаларын бұзушылықтардың, оның ішінде мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылықтарды болдырмаудың алдын-алу жұмыстан тыс кезде заң бұзушылықтарға жол бермеу болып саналады.
Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдебі адал ниеттілік, адалдық, әділдік, ашықтық, сыпайылық, клиентке бағдарлану сынды алты қағидатқа негізделеді.
Әдеп кодексі мемлекеттік қызметшілерге олардың қызметінен тыс кезде де өзінің адалдығына, ар-ұятына, әдептілігіне қатысты жұрттың күмәнін тудырмуға міндетті. Оның парасаттылық және адалдық сияқты тәртіптік әдеп стандарттарын сақтай отырып өз ұйымының беделін түсірмеуі қажет екендігін көрсететін әрекеттері, қылықтары және жүрісі мемлекеттік қызметші деген атаққа кір келтірмеуі, үлгілі мінез-құлқы ізеттілік пен адалдықтың маңызды көрінісі болып саналады. Мемлекетті қызметшілердің әдеп кодексінің талаптарын сақтап, оны мүлтіксіз орындау әрбір қызметкердің қоғамдағы жауапкершілігі мен міндеті болып табылады.
Қызметтік әдеп стандарттарының бірі-қызметтік міндеттерін олындауға байланысты жағдайларды қоспағанда , ойын мекемесіне баудан тартыну.
Құмар ойындарға шамадан тыс әуестік мемлекеттік қызметшілерді басқа заңсыз табыс көздерін іздеуге итермелемеуі керек.
Мемлекет басшысының 2023 жылғы 2 қарашадағы №396 Жарлығымен Әдеп кодексіне тиісті өзгерістер енгізіліп,оған сәйкес мемлекеттік қызметшілерге қызметтік міндеттерін орындауға байланысты жағдайларды қоспағанда, ойын мекемесіне бауға тиым салынады.
Қазір ауданда 178 мемлекеттік қызметкерлер еңбек етуде. 5 айда 28 жас маман біліктілік талаптарына сай қызметке қабылданды. Мемлекеттік қызметші қоғамдағы жаңалықты жіті қадағалап, елдің саяси, әлеуметтік-экономикалық жағдайын үнемі назарда ұстауы тиіс.
Осы мақсатта мемлекеттік қызметкерлердің біліктілігін арттыру мақсатында курсқа жіберіледі. Өткен жылы 47 маман біліктілігін жетілдірсе, биыл бес айда 29 қызметкер курсқа келді.
Құрметті мемлекеттік қызметкерлер ! Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен құтықтаймын. Сіздер елге, ауданға тұрғындарына қызмет етіп келесіздер. Мәртебелі маман иесісіздер. Қызметке кірерде қабылдаған анттарыңызға адалдық танытудасыздар. Алдағы уақытта да абыройлы еңбек етулеріңізге тілектеспін!
Ізгі ниетпен,
Ордабасы аудан әкімі аппаратының басшысы-Кадиев Жуманалы.