Сіздерді 23 маусым – Мемлекеттік қызметшілер күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Мемлекеттік қызмет – елге қызмет етудің ең жоғары деңгейі әрі ерекше жауапкершілік пен адалдықты талап ететін абыройлы міндет. Бұл салада қызмет ету – әрбір азаматтың сенімі мен үмітін ақтап, мемлекеттің тұғырын берік етуге бағытталған қажырлы еңбек.
Сіздер күнделікті жұмыстарыңызда әділдік пен ашықтық қағидаттарын басшылыққа алып, ел мүддесіне қызмет етуде өздеріңізге жүктелген жауапкершілікті абыроймен атқарып келесіздер. Мемлекеттік басқару жүйесінің тиімді жұмыс істеуі, қоғам мен билік арасындағы сенімді байланыстың орнауы – ең алдымен, сіздердің кәсіби біліктіліктеріңіз бен жанкешті еңбектеріңіздің нәтижесі.
Халықтың әл-ауқатын арттырып, азаматтардың құқықтарын қамтамасыз етуде атқарып жатқан еңбектеріңіз ұшан-теңіз. Мемлекеттік қызметшілер – мемлекеттің тірегі, халық пен билік арасындағы алтын көпір десек, артық айтпаған болармыз.
Осы айтулы мерекеде баршаңызға зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, кәсіби қызметтеріңізге толағай табыс, ел игілігі жолындағы ерен еңбектеріңізге мол жетістіктер тілеймін!
Еліміздің өркендеуі жолындағы еңбектеріңіз әрдайым жемісті болғай!
Ізгі тілекпен:
Ордабасы ауданының әкімі
Азат ОРАЛБАЕВ