🎶 ҰЛТТЫҚ ОРКЕСТР ОРДАБАСЫДА ӨНЕР КӨРСЕТТІ!

🎶 ҰЛТТЫҚ ОРКЕСТР ОРДАБАСЫДА ӨНЕР КӨРСЕТТІ!
Отандық музыка тарихында аты аңызға айналған, дәстүрлі музыка тарихында алтын әріптермен жазылған жеке тұлғалардан бөлек, өнер ұжымдары да бар. Солардың бірі әрі бірегейі – Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық халық аспаптар оркестрі.
Ауданымыздың орталық Мәдениет үйінде түрғындарымыз осынау еліміздің мақтанышына айналған, Ұлттық мұрамызды дәріптеу жолындағы өшпес тарихы мен өнегесі бар оркестрдің өнеріне куә болды.
Кеш барысында қазақ рухын асқақтатар әсем әндер шырқалды жүрек тербетер күйлер шертілді.
Бұл аудан жұрты үшін – ұлттық өнерімізді сезініп, рухани шабыт алған ерекше күн болды!
Ордабасы ауданы әкімінің баспасөз қызметі