🎶 ҰЛТТЫҚ ОРКЕСТР ОРДАБАСЫДА! 🎶

🎶 ҰЛТТЫҚ ОРКЕСТР ОРДАБАСЫДА! 🎶

Құрметті ордабасылықтар және аудан қонақтары!

Сіздерді еліміздің мақтанышы — Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық халық аспаптар оркестрінің өнеріне куә болуға шақырамыз!

Кеш барысында қазақ рухын асқақтатар әсем әндер мен жүрек тербетер күйлер шырқалады.
Бұл – ұлттық өнерімізді сезініп, рухани шабыт алатын ерекше кеш болмақ!

📍 Өтетін орны: Ордабасы ауданы, Темірлан ауылы, Мәдениет үйі
📅 Күні: 2025 жылғы 19 маусым
🕕 Басталуы: сағат 18:00

Келіңіздер! Ұлттық мұрамызды бірге дәріптейік!