АППАРАТ МӘЖІЛІСІ ӨТТІ

АППАРАТ МӘЖІЛІСІ ӨТТІ
Бүгін аудан әкімінің міндетін уақытша қоса атқарушы Мейрамбек Ақмұратовтың төрағалығымен кезекті аппарат мәжілісі өтті.
Күн тәртібінде аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің атқарған жұмыстары мен аудандағы жастар саясатының жүзеге асырылу барысы қаралды. Аталған мәселелер бойынша бөлім басшысы Ардақ Талдыбаев және жастар саясаты жөніндегі бөлімнің басшысы Әсел Баймаханова баяндама жасады.
Сонымен қатар мәжіліс барысында қоғамдық-саяси ахуал, ұлттық ауыл шаруашылығы санағын өткізу, көктемгі дала жұмыстары, «Таза Қазақстан» акциясының орындалуы, елді мекендердегі табиғи газға қосылу мәселелері талқыланды.
Аудан басшысының орынбасары аталған бағыттар бойынша нақты тапсырмалар беріп, жауаптыларға оның орындалуын бақылауға алуды тапсырды.
Ордабасы ауданы әкімінің баспасөз қызметі