
Жиын әлеуметтік саладағы цифрландыру процесін жүйелі түрде таныстыру, жаңа платформаның мүмкіндіктерін кеңінен түсіндіру мақсатында ұйымдастырылды.

Семинарға ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбек ресурстарын дамыту орталығының өкілдері, аудан әкімінің орынбасары Илияс Тұрнияз, отбасын қолдау орталығының қызметін жетілдіру жөніндегі жобалық кеңестің басшысы Фарида Сағындық, жұмыспен қамту бағдарламасының бөлім басшысы Боранбек Ғалымжан, аудандық полиция бөлімі, орталық және ауылдық ауруханалардың қызметкерлері, әлеуметтік қызметкерлер, ауылдық округ әкімдері, мектеп директорлары мен тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлар, әлеуметтік-педагог мамандар және «Отбасын қолдау орталығы» қызметкерлері қатысты.

Іс-шарада FSM Social платформасының функциялары таныстырылып, әлеуметтік қолдау жүйесін біріңғай цифрлық форматқа көшірудің маңыздылығы жөнінде айтылды.
Сонымен қатар бұл жаңашылдық:
• халыққа көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыруға,
• процестерді жеңілдетуге,
• әлеуметтік қолдауға мұқтаж азаматтарды жүйелі түрде қамтуға,
• сала мамандарының жұмысын оңтайландыруға мүмкіндік беретіні атап өтілді.