
Бүгін аудан әкімі міндетін уақытша қоса атқарушы Мейрамбек Ақмұратовтың төрағалығымен кезекті аппарат жиыны өтті.
Мәжіліске аудан әкімінің орынбасарлары, аудан әкімі аппаратының басшысы және қызметкерлері, дербес бөлім басшылары, ауыл округтерінің әкімдері және тиісті сала басшылары қатысты.
Күн тәртібінде мемлекет көлемінде жүріп жатқан ауылшаруашылық санағы, қазіргі күнде аса маңызды шомылу маусымындағы қауіпсіздік шаралары, ауданымыздағы жалпы қоғамдық-саяси ахуал жөніндегі мәселелер талқыланды. Осы ретте, алғашқы кезекте барлық ауыл округтерінің әкімдері аумақтарындағы аталған мәселелерге байланысты атқарылып жатқан шараларды баяндады.
Әкім орынбасары баяндамадағы әр мәліметке жеке-жеке тоқталып, аудандағы жауапты сала басшыларымен бірге егжей-тегжейлі талқылады. Бірқатар салаларда аяқталуы тиіс жұмыстар межелі мерзімінде орындалмай отырғанын айтып, тиісті басшылардан жауапты қызметкерлерге шара қолданылуын талап етті. Жоғарыдағы шаруалар кезек күттірмейтін мемлекеттік және маусымдық маңызы зор мәселелер екендігін баса айтты.
Одан бөлек жауаптылармен ауылдардағы әлеуметтік нысандарға газ тарту жұмыстарының барысы зерделенді. Электр жеткізуші мердігер мекеменің қызметкеріне тиісті тапсырмалар берілді. Аудандағы білім беру және денсаулық сақтау, төтенше жағдайлардың алдын алу салалары басшылары да өз жауапкершіліктеріндегі ағымдағы жұмыстар жайлы хабарлады.
Аудандағы коммуналдық қызметтерге және қоғамдық саяси ахуалға жауапты дербес бөлім басшылары өздеріне тиесілі қызметтер жөнінде мәлімдеді.
Мәжілісте сонымен қатар күн тәртібінен түспейтін өзге де мәселелер жөнінде кеңінінен сараланып, тиісті сала басшыларына тапсырмалар берілді.
Ордабасы ауданы әкімінің баспасөз қызметі