🔊Х А Б А Р Л А Н Д Ы Р У!

🔊Х А Б А Р Л А Н Д Ы Р У!

🔹2025 жылы 30 мамыр күні сағат 11:00-де Ордабасы ауданында «Халық заңгері» республикалық акциясы өтеді.

🔹Шара Ордабасы аудандық «Азаматтарға арналған үкімет» КЕ АҚ Халыққа қызмет көрсету орталығының ғимаратында өтеді.

🔹Акция барысында кәсіби заңгерлер, адвокаттар мен сарапшылар тұрғындарға құқықтық көмек көрсетеді. Сонымен қатар орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың өкілдері азаматтарды жеке қабылдап, өзекті сұрақтары бойынша кеңес береді.

🔹Барлық аудан тұрғындарын осы мүмкіндікті пайдалануға шақырамыз!

Ордабасы ауданы әкімінің баспасөз қызметі