
«Бұл күн балдәурен балалықтың артта қалып, жауапкершілігі мол азаматтық биікке көтерілудің бастамасы. Еліміз үшін жас ұрпақ тәрбиесі, білім беру ісі айрықша маңызды. Сапалы да заманауи білім алып, үлкен азамат болуларыңыз үшін барынша жағдай жасау біз үшін мәртебелі міндет. Жақында ғана ауданымызда қуанышты жағдай болып, Ұлттық бірыңғай тестілеуде Республика көлемінде биылғы жылға алғашқы болып, 140 балды біздің ауданымыздың осы Шоқан Уалиханов атындағы мектеп-гимназиясының оқушысы Абілхан Жәнібек шәкіртіміз алды. Бұл ауданымыздың білім саласы үшін үлкен жетістік. Басқа да оқушыларымызға Жәнібектің жолын берсін деп тілеймін!», деді құттықтау сөзінде аудан әкімі.