⚜️Құрметті мектеп бітіруші түлектер, оқушылар!

⚜️Құрметті мектеп бітіруші түлектер, оқушылар!
⚜️Қадірлі ұстаздар, ата-аналар!
Сіздерді оқу жылын сәтті аяқтауларыңызбен шын жүректен құттықтаймын!
⚜️Бүгінгі күн мектеп бітірушілер үшін де, ұстаздар мен ата-аналар үшін де ерекше күн.
Себебі сіздер білім нәрімен сусындатқан алтын ұя мектептен үлкен өмірге қадам басқалы отырсыздар.
Бұл күн балдәурен балалықтың артта қалып, жауапкершілігі мол азаматтық биікке көтерілудің бастамасы.
Еліміз үшін жас ұрпақ тәрбиесі, білім беру ісі айрықша маңызды. Сапалы да заманауи білім алып, үлкен азамат болуларыңыз үшін барынша жағдай жасау біз үшін мәртебелі міндет.
Биылғы оқу жылында ауданымызда 2210 оқушы мектеп бітіріп, Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысқалы отыр. 139 оқушы «Алтын белгіге», 194 оқушы «Үздік аттестатқа» үміткер болып отыр.
Жақында ғана ауданымызда қуанышты жағдай болып, Ұлттық бірыңғай тестілеуде Республика көлемінде биылғы жылға алғашқы болып, 140 балды біздің ауданымыздың Шоқан Уалиханов атындағы мектеп-гимназиясының оқушысы Абілхан Жәнібек шәкіртіміз алды. Бұл ауданымыздың білім саласы үшін үлкен жетістік. Басқа да оқушыларымызға Жәнібектің жолын берсін деп тілеймін.
Ауданымыздың үкілі үміті жас өркендеріміз сіздердің болашақтарыңыз жарқын болып, озық біліммен қай салада болсын ел үшін қызмет ететіндеріңізге сенімдімін. Білім мен тәрбие берудегі қажырлы еңбегі үшін ата-аналарыңызға, және ұстаздарыңызға үлкен алғыс айтамын!
⚜️Құрметті түлектер!
⚜️Халқымызда «Білім деген - биік шың» деген қанатты сөз бар. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының «Ұлттың бәсекелестік қабілеті - оның білімділік деңгейімен айқындалады» деген ұлағатты сөзі бар. Тек білім ғана өмір жолын дұрыс таңдауға, еркіндік пен сенімділікке, толағай табысқа жетуге мүмкіндік береді.
⚜️Сіздердің әрдайым сын сағаттан сүрінбей өтіп, армандаған мамандықтың иесі атануларыңызға шын жүректен тілектеспінІ
Алар асуларыңыз биік болғай!
Ізгі тілекпен:
Ордабасы ауданының әкімі
Азат Оралбаев