Шығып қалған мәслихат депутатының орнына сайлауды тағайындау және сайлауды әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспарын бекіту туралы

 

Шығып қалған мәслихат депутатының орнына сайлауды тағайындау және сайлауды әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспарын бекіту туралы

 

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының                    14-бабының 2-3) тармақшасына, 101-бабының 1-тармағының                                              4) тармақшасына, 3-1 және 6-тармақтарына сәйкес Түркістан облысы, Ордабасы аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1.Түркістан облысы, Ордабасы ауданы №18 сайлау округі бойынша шығып қалған мәслихат депутатының орнына сайлау 2025 жылғы 26 қазанға тағайындалсын.

2.Шығып қалған мәслихат депутатының орнына сайлауды әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспары осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.

3.Осы қаулы Ордабасы аудандық аумақтық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында орналастырылсын және аудандық «Ордабасы-оттары» газетінде жариялансын.

 

 

 

Төраға                                                               М.Үкібас

 

Хатшы                                                              А.Оразәлі

Дата публикации
27 августа 2025