Ордабасы аудандық аумақтық сайлау комиссиясының
ҚАУЛЫСЫ
№3 26 наурыз 2025 жыл.
Ордабасы ауданы Бөген ауылдық
округі әкімі сайлауын тағайындау туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 113-1-бабына сәйкес, Ордабасы аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Бөген ауылдық округіәкімінің заңда белгіленген өкілеттік мерзімінің аяқталуына байланысты, Ордабасы ауданы Бөген ауылдық округіәкімінің сайлауы 2025 жылғы 4 - мамырға тағайындалсын.
- 2025 жылғы 4- мамырға тағайындалған Бөген ауылдық округі әкімі сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
- Осы қаулы жергілікті бұқаралық ақпараттар құралдарында және Ордабасы аудандық аумақтық сайлау комиссиясының интернет-беттерінде жариялансын.
- Осы қаулының орындалуын бақылау аумақтық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Д.Бимухановқа жүктелсін.
Ордабасы аудандық аумақтық
сайлау комиссиясының төрағасы М.Үкібас
Ордабасы аудандық аумақтық
сайлау комиссиясының хатшысы Н.Амангелдиев