«Ашық есік күні» акциясы ұйымдастырылды

«Ашық есік күні» акциясы ұйымдастырылды

Қазақстан Республикасының Үкіметімен Әртүрлі нысаналы топтар деңгейінде декомпозицияланған ақпараттық жұмыс жүргізу жөніндегі іс-шаралар жоспары бекітілген. Осы жоспардың 20 тармағына сәйкес «Мемлекеттік органдарда «Ашық есік күні» акциясын өткізу» көзделген.

Осыған орай, 2024 жылдың 18 желтоқсанында «Түркістан облысының мемлекеттік сатып алу басқармасы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Басқарма) тарапынан «Ашық есік күні» ұйымдастырылды.

Іс-шараға тапсырыс берушілер мен кәсіпкерлік субъектілері қатысты. Барлық қойылған сұрақтарға қатысушылар Басқарма басшысының орынбасарынан, сонымен қатар, басқарма қызметкерлерінен де жауап алды. Сондай-ақ, Басқарма қызметкерлерімен 2025 жылдың 1 қаңтарында қолданысқа енетін мемлекеттік сатып алу саласындағы заңнамадағы жаңа нормалар бойынша қысқаша курсы ұйымдастырылды.

Бұзушылықтардың алдын алу мақсатында басшы орынбасары Мемлекеттік сатып алу саласындағы өзгерістерге баса назар аударды. Олардың негізгілері құрылыс-монтаждау жұмыстарын сатып алу және жобалау бойынша жұмыстарын мемлекеттік сатып алуды тек рейтингтік-балдық жүйе пайдаланылатын конкурс тәсілімен жүзеге асырылуда.

Басқарма «Ашық есік күні» акциясын өткізуді одан әрі тұрақты негізде жүзеге асыратын болады.

Қорытындылай келе,  Басқармада  жеке және заңды тұлғаларды қабылдау кестесі бар екені хабарланды. Жеке қабылдау кестесіне сәйкес басқарма басшысы мен оның орынбасарларының қабылдау уақыты, аптасына бір рет жүзеге асырылады. Қабылдау кестесі ресми сайтта орналастырылған.