«25 қазан – Республика күні» мерекесі атап өтілді

«25 қазан – Республика күні» мерекесі атап өтілді

 Қазақстан Республикасы Президенті әкімшілігінің ұсынымдары негізінде дайындалған, облыс әкімінің орынбасары Б.Тәжібаевпен бекітілген «25 қазан – Республика күні» мерекесін атап өту жөніндегі іс-шаралар жоспары бекітілген.

Осыған орай,  Түркістан облысының мемлекеттік сатып алу басқармасында (бұдан әрі – басқарма) жиналыс өткізілді.

 Жиналысқа басқарманың мемлекеттік әкімшілік қызметкерлері мен азаматтық қызметкерлері  қатысты. Басқарма басшысы «25 қазан – Республика күні» мерекесінің шығу тарихы туралы баяндап, басқарма қызметкерлерін айтулы мерекемен құттықтады.

«25 қазан – Республика күніне» орай облыс әкімінің алғыс хатымен басқарманың мемлекеттік сатып алуға мониторинг жасау бөлімінің басшысы Қалдаров Марлен Мұхтарұлын марапаттады.