«Ашық есік күні» акциясы ұйымдастырылды

«Ашық есік күні»  акциясы ұйымдастырылды

Қазақстан Республикасының Үкіметімен Әртүрлі нысаналы топтар деңгейінде декомпозицияланған ақпараттық жұмыс жүргізу жөніндегі іс-шаралар жоспары бекітілген және осы жоспардың 20 тармағына сәйкес «Мемлекеттік органдарда «Ашық есік күні» акциясын өткізу» көзделген.

 Осыған орай, Түркістан облысының мемлекеттік сатып алу басқармасы тарапынан «Ашық есік күні» ұйымдастырылды.

Іс-шараға тапсырыс берушілер мен кәсіпкерлік субъектілері  қатысты. Барлық қойылған сұрақтарға қатысушылар басқарма басшысынан, сонымен қатар, басқарма қызметкерлерінен де жауап алды. Сондай-ақ, қатысушылар «Мемлекеттік сатып алу туралы» заңнаманы жақсарту бойынша ұсыныстармен бөлісті.

Бұзушылықтардың алдын алу мақсатында басшы Мемлекеттік сатып алу саласындағы өзгерістерге баса назар аударды. Олардың негізгілері құрылыс-монтаждау жұмыстарын сатып алу және жобалау бойынша жұмыстарын мемлекеттік сатып алуды тек рейтингтік-балдық жүйе пайдаланылатын конкурс тәсілімен жүзеге асыру көзделгенін атап өтті.

         Сонымен қатар, мемлекеттік сатып алуды өткізу, қатысу және мемлекеттік сатып алу қорытындыларымен келіспеген жағдайда одан әрі шағымдану тәртібі түсіндірілді.

          Басқарма «Ашық есік күні» акциясын өткізуді одан әрі тұрақты негізде жүзеге асыратын болады.

               Қорытындылай келе,  Басқармада  жеке және заңды тұлғаларды қабылдау кестесі бар екені хабарланды. Жеке қабылдау кестесіне сәйкес басқарма басшысы мен оның орынбасарларының қабылдау уақыты, аптасына бір рет жүзеге асырылады. Қабылдау кестесі ресми сайтта орналастырылған.