МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕ ІРІКТЕУДІҢ ЖАҢА ЖҮЙЕСІ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕ ІРІКТЕУДІҢ ЖАҢА ЖҮЙЕСІ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің өңірлік департаменті облыс әкімдігіне қарасты басқармаларда мемлекеттік қызметке іріктеудің жаңа жүйесін енгізу тәртібін түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Іс-шара барысында қатысушыларға конкурстық рәсімдердің өзгерістері, үміткерлерді бағалау әдістері және ашықтықты қамтамасыз ету тетіктері түсіндірілді. Жаңа жүйе кәсіби біліктілік пен меритократия қағидаттарын күшейтіп, мемлекеттік қызмет сапасын арттыруға бағытталған.