Құрметті желі пайдаланушылары
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілетін ішкі талдау (әрі қарай – Ішкі талдау) жүргізу туралы бекітілген кестесіне сәйкес, Түркістан облысының мемлекеттік сатып алу басқармасында 2026 жылдың 14 мамыр – 26 маусым аралығында ішкі талдау жұмыстары жүргізілуде.
Осыған орай, 2026 жылдың 15 маусымынан бастап жария талқылау басталатындығын хабарлаймыз. Егер де, Сізде аталған сала қызметіне қатысты қандай да бір нақты мәліметтеріңіз бен арыз-шағымдарыңыз, білдірер ұсыныс-пікірлеріңіз болса, 2026 жылдың 18 маусымына дейін Түркістан облысының мемлекеттік сатып алу басқармасына жеке қабылдауға келіп немесе әлеуметтік желілердегі ресми парақшалар арқылы жолдауға болады.
Байланыс тел: +7 708 538 67 57
Эл.почта: b.ibadulla@ontustik.gov.kz