Жаңа сайланған Мақтаарал аудандық мәслихатының депутаттарына мандаттар тапсырылды

Жаңа сайланған Мақтаарал аудандық мәслихатының депутаттарына мандаттар тапсырылды

Жаңа сайланған Мақтаарал аудандық мәслихатының депутаттарына мандаттар тапсырылды. Іс-шараға аудан әкімі Бақыт Асанов, аудандық мәслихаттың төрағасы Қадыр Сарсекбаев, аудандық мәслихаттың депутаттары мен жергілікті мемлекеттік органдардың басшылары қатысты.

VІІІ-шақырылған Мақтаарал аудандық мәслихатының кезектен тыс 15 (он бес) сессиясында «2024 жылғы 31 наурызда өткен Мақтаарал аудандық мәслихатының №7, №11 бірмандаттық сайлау округтері бойынша шығып қалған депутаттарының орнына сайлау қорытындылары туралы» Мақтаарал аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Дәулет Ерімбетов хабарлама жасады.

Мақтаарал аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Дәулет Ерімбетов жаңа сайланған депутаттарға төс белгілері мен куәліктерін салтанатты түрде табыс етті.

Өз кезегінде, аудан әкімі Бақыт Асанов сайланған депутаттарды мандаттары мен құттықтай отырып, сайлауалды бағдарламалары мен мемлекеттің жаңа реформаларын жүзеге асыру жолында аянбай қызмет етіп, өзекті мәселелерді шешіп, ел игілігі үшін бірлесе қызмет етуге шақырды.