ЖАС МАМАНДАРҒА ӨҢІРЛІК КАДР РЕЗЕРВІНЕ ІРІКТЕУ ТӘСІЛДЕРІ ТҮСІНДІРІЛД

ЖАС МАМАНДАРҒА ӨҢІРЛІК КАДР РЕЗЕРВІНЕ ІРІКТЕУ ТӘСІЛДЕРІ ТҮСІНДІРІЛД
Мақтаарал ауданы әкімі аппаратының басшысы Нұржан Атақұлов пен аудан әкімі аппаратының персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) бөлімінің басшысы Абай Қарабеков бүгін ауданының жас мамандарымен, соның ішінде мемлекеттік әкімшілік қызмет, денсаулық сақтау, білім, мәдениет салаларының мамандарымен, белсенді жастарымен кездесу өткізді.
Өңірлік кадр резервіне іріктеу тәртібі мен кезеңдерін түсіндіру мақсатында ұйымдастырылған кездесуде Нұржан Жақсылықұлы іріктеу бойынша құжаттар қабылдаудың 1 – 31 наурыз аралығында (қоса алғанда) (onir.pkrezerv.gov.kz) онлайн-платформада кандидатты тіркеу арқылы жүзеге асырылатынын түсіндіріп, жастарды белсенділік танытып іріктеуге қатысуға шақырды.
Іріктеуге қатысу үшін қажетті құжаттар тізімі туралы ақпарат пен өзге де мәліметтерді (onir.pkrezerv.gov.kz) онлайн-платформасынан, Мақтаарал ауданы әкімдігінің әлеуметтік желідегі парақшаларынан ала алатынын жеткізіп, Түркістан облысы бойынша Мемлекеттік қызмет істері департаменті дайындаған арнайы слайдтар мен видеороликтер көрсетілді.
Аппарат басшысы мен бөлім басшысы жас мамандар тарапынан қойылған сұрақтарға нақты жауаптар берді.
 
(с) Мақтаарал ауданы әкімінің баспасөз қызметі