МАҚТААРАЛДА ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ САУАТЫН АРТТЫРУ МАҚСАТЫНДА СЕМИНАР ӨТУДЕ

МАҚТААРАЛДА ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ САУАТЫН АРТТЫРУ МАҚСАТЫНДА СЕМИНАР ӨТУДЕ
2023 жылы «Amanat» партиясы және ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің бастамасымен халықтың қаржылық сауатын арттыру үшін «Қарызсыз қоғам» жобасы басталған болатын. Жобаның мақсаты - қазақстандықтардың қаржылық мәдениетін көтеру және кредиттік тәртібін арттыру.
Жоба биыл да жалғасын тауып, 5 ақпаннан бастап «Ұлы дала» ауылдық бизнесті дамыту қауымдастығының қаржылық сарапшысы Айгерим Амиралиеваның жүргізуімен бүгінге дейін Мырзакент және Атакент кенттерінде, Ж.Нұрлыбаев, Еңбекші, Достық ауылдық округтерінде өткізілді.
Тренинг нәтижесінде мақтааралдықтар отбасы бюджетін қалыптастыру жолдарын, оның ішінде жоспарлау мен бөлудің негізгі алгоритмдерін, несие алу ережелері мен қайтару процесін, қаржы пирамидалары мен алаяқтар тұзағына түспеу жолдарын, бизнес жобаларды қаржыландыру көздерін үйренеді.
«Бұл жерде халықты мазалайтын басты сұрақ – банкке берешегінің көбейіп кеткені, осы қарыздардан қалай құтыламыз, алдағы уақытта қарызға батпау үшін не істеу керек және тағы басқа мәселелерді шешу жолдарын түсіндірілуде. Оқу барысында түске дейін теория, түстен кейін – әр қатысушымен жеке консультация жасалып, бәрінің мәселелері қаралады.
Оқу семинары тегін және кәмелет жасына толған кез келген адам қатыса алады. Қатысу үшін тұрғылықты жеріңіз бойынша кент, ауылдық округ әкімдігіне немесе «AMANAT» партиясының Мақтаарал аудандық филиалына хабарласу арқылы өтінім білдіруге болады.