БЖЗҚ-ның kids.enpf.kz сайтындағы "Қатысушыны іздеу" бөліміне баланың ЖСН енгізіп, "Тексеру" батырмасын басу керек.
Бала нысаналы талаптарға қатысушы болған есепті жыл және оның нысаналы талаптарының жалпы сомасы көрсетілген ақпарат беріледі.
1. ЖСН енгізгенннен кейін Бағдарламаға қатысушы туралы ақпарат шықпаса не істеу керек?
|
3.Егер балаға нысаналы талаптар есептелген, бірақ нысаналы жинақтау шоты (НЖШ) болмаса ше?
Нысаналы жинақтау шоты бала кәмелетке толған жылы ашылады. Бұған дейін тек нысаналы талаптар есептелетін болады.
БЖЗҚ-ның kids.enpf.kz сайтындағы "Қатысушыны іздеу" бөліміне баланың ЖСН енгізіп, "Тексеру" батырмасын басу керек. Бала нысаналы талаптарға қатысушы болған есепті жыл мен бір жылдағы нысаналы талаптардың сомасы көрсетілген ақпарат көрінеді. Нысаналы талаптарды есепке алу АҚШ долларымен жүргізіледі. Сондай-ақ, мәлімет үшін ағымдағы күнге ҚРҰБ бағамы бойынша ұлттық валюта – теңгемен жасалған есеп те ұсынылады.
Маңызды!!! Балалар 18 жасқа толғанға дейін нысаналы талаптар мен инвестициялық кіріс оларға пайдалану құқығынсыз есептелетін болады!
Егер ЖСН-ы көрсетілген жеке тұлға "Жеке тұлғалар" мемлекеттік дерекқорынан (ЖТМДҚ) алынған мәліметтерге сәйкес ҚР азаматы болып табылмаса, демек, ол Нысаналы талаптарға қатысушы бола алмайды.
ЖТ МДҚ-дағы мәліметтерді өзектендіру қажет болған жағдайда тұрғылықты жері бойынша көші-қон қызметіне жүгіну керек.
ЖТ МДҚ-ға тиісті түзетулер енгізілгеннен кейін БЖЗҚ осы жеке тұлғаны Нысаналы талаптарға қатысушылардың және (немесе) Нысаналы жинақтарды алушылардың тізіміне өткізілген кезеңді ескере отырып, 2025 жылғы ақпаннан бастап енгізеді.
6.Егер нысаналы жинақтау шоты (НЖШ) ашылған болса, БЖЗҚ-да қандай ақпарат көрсетіледі?
Егер көрсетілген ЖСН бойынша БЖЗҚ-да нысаналы жинақтау шоты (НЖШ) ашылған болса, онда бұл шотқа нысаналы жинақтар да есептелген.
18 жасқа толғаннан кейін алушы оларды уәкілетті операторға жүгіну арқылы тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) білім алуға ақы төлеу үшін пайдалана алады.
Алушы өзінің нысаналы жинақтау шотынан үзінді көшірмені БЖЗҚ интернет-ресурсындағы Жеке кабинеті арқылы ала алады.
7.Егер нысаналы талаптар есептелген, нысаналы жинақтау шоты (НЖШ) ашылмаған және Мемлекеттік дерекқордағы өмірлік мәртебесі – "қайтыс болған" деп көрсетілген жағдайда қандай іс-қимыл жасау керек?
Мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінде Нысаналы талаптарға қатысушының қайтыс болғандығы туралы мәліметтер болған жағдайда, қайтыс болған адамның мұрагеріне (мұрагерлеріне) БЖЗҚ-ға нысаналы жинақ төлемін алу үшін келесі жылы, яғни олар нысаналы жинақтау шотына есептелгеннен кейін (2025 жылғы 1 ақпаннан бастап) жүгінуге кеңес береміз.
Нысаналы жинақтар төлемін ресімдеу үшін қажетті құжаттар тізбесі БЖЗҚ-ның интернет-ресурсында жарияланған.
8.Егер нысаналы жинақтау шоты (НЖШ) ашылған және Мемлекеттік дерекқордағы өмірлік мәртебесі – "қайтыс болған" деп көрсетілген жағдайда не істеуге болады?
Мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінде Нысаналы жинақтарды алушының қайтыс болғаны туралы мәліметтер болған жағдайда, қайтыс болған адамның мұрагеріне (мұрагерлеріне) нысаналы жинақтар төлемін алу үшін БЖЗҚ-ға жүгінуді ұсынамыз.
Нысаналы жинақтар төлемін ресімдеу үшін қажетті құжаттар тізбесі БЖЗҚ-ның интернет-ресурсында жарияланған.
ЖСН-ы көрсетілген мұндай жеке тұлға Нысаналы талаптарға қатысушы бола алмайды.
"Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасына Қазақстан Республикасының 2006 жылдың 1 қаңтарынан бастап туылған азаматтары ғана қатысады.
10.Егер 2024 жылы туылған баланың ЖСН-ы болса ше?
Бала 2024 жылы туылғандықтан, Бағдарламаға қатысушылардың тізіміне әлі енгізілмеген.
Тиісінше, бала 2024 жылдан бастап бағдарламаға қатысады. Оған нысаналы талаптар 2025 жылғы ақпанда есептелетін болады.
Бала бағдарламаға қатыса алады. Себебі, ол туралы ақпарат "Жеке тұлғалар" мемлекеттік дерекқорында 2024 жылы өзектендірілгендіктен, нысаналы талаптар/нысаналы жинақтар оған 2025 жылғы ақпанда өткізіп алған кезеңді ескере отырып, толық көлемде есептелетін болады.
Бала қай кезден бастап «Ұлттық қор - балаларға» бағдарламасына қатыса бастайды және оған аударымдар қаншалықты жиі жүргізілетін болады?
2023 жылдың аяғындағы жағдай бойынша 18 жасқа толмаған Қазақстан Республикасының азаматы болып есептелетін балалар 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасының қатысушысы бола алады. Келесі жылдары туылған балалар да автоматты түрде бағдарламаның қатысушысы болады.
Жыл сайын балаларға есепті жылдан кейінгі жылдың басында бағдарламаға қатысқан әрбір жылы үшін Ұлттық қордан он сегіз жасқа толғанға дейін инвестициялық кірісті қоса алғанда, нысаналы талаптар түріндегі қаражат есептелетін болады.
Бала алған қаражатты қандай мақсаттарға жұмсай алады?
«Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» Заңға сәйкес нысаналы жинақ тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) білім беру ақысын төлеу мақсатында беріледі.
Нысаналы жинақ төлемдерін пайдаланудың егжей-тегжейлі шарттары Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан берілетін нысаналы жинақ төлемдерін тұрғын үй жағдайларын жақсарту және білім беру ақысын төлеу мақсатында пайдаланудың тиісті қағидаларында реттелген.
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында жинақ қанша уақыт жатады?
Бағдарламаға қатысушы 18 жасқа толғаннан кейін 10 жыл өткен соң қатысушының пайдаланбаған нысаналы жинақ сомасы БЖЗҚ-да қалады және нысаналы жинақтаушы шоттан оның ерікті зейнетақы жарналарын есепке алу үшін ашылған жеке зейнетақы шотына аударылады.
Ерікті зейнетақы жинақтарын пайдалану шарттары мен тәртібі ҚР зейнетақы заңнамасында көзделген.
Нысаналы жинақты жинақтау және кейіннен оны нысаналы жинақты алушыға аудару қандай валютада жүргізіледі?
«Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» Заңға (бұдан әрі - Заң) сәйкес нысаналы талаптар мен нысаналы жинақты есепке алу АҚШ долларында жүргізіледі.
Нысаналы жинақ төлемдері нысаналы жинақтарды алушылардың уәкілетті операторларда АҚШ долларында өздері ашатын банктік шоттарына есептеледі.
Заңның 7-6-бабының 3-тармағына сәйкес нысаналы талаптарға қатысушының не нысаналы жинақтарды алушының Қазақстан Республикасының азаматтығын тоқтатуы нысаналы жинақтарды төлеуден бас тартуға негіз болып табылады.
Бұл қаражатқа салық салынады ма?
Салық кодексіне нысаналы жинақ төлемдерін беру, сондай-ақ оларды ерікті зейнетақы жарналары есепке алынатын жеке зейнетақы шотына жіберу кезінде салық салудан босату туралы толықтырулар енгізілді.
Нысаналы жинақтарға тыйым салу, алып қою немесе оларды жұмсау бойынша шектеу қойылуы мүмкін бе?
Қазақстан Республикасының бірқатар заңнамалық актілеріне (ҚР Азаматтық кодексі (Ерекше бөлім), ҚР Қылмыстық-процестік кодексіне, ҚР Азаматтық процестік кодексіне, «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» ҚРЗ, «Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы» ҚРЗ, «Төлемдер және төлем жүйелері туралы» ҚРЗ) қандай да бір шектеулер белгілеуге тыйым салатын нормалар енгізілді.
Салымдар: - банк шоттарындағы ақшаға тыйым салу;
- банк шоттарындағы ақшаға өндіріп алуды қолдану;
- банк шоттарындағы ақша қаражаты бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру;
- клиенттің (жинақты алушының) келісімінсіз ақшаны алып қою;
- банктегі ақшаға билік етуді уақытша шектеуді қоса алғанда, қолсұғушылықтың кез келген түрінен қорғалған.
Бала қайтыс болған жағдайда, жинақталған қаражат бойынша қандай жағдай орын алады?
«Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» Заңға сәйкес нысаналы жинақтары бар нысаналы талаптарға қатысушы немесе нысаналы жинақтарды алушы қайтыс болған не оны қайтыс болды деп жариялау туралы сот шешімі заңды күшіне енген жағдайда, мұндай нысаналы жинақтар Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен мұраға қалдырылады.
Нысаналы жинақ төлемдерін алу үшін қайтыс болған не соттың заңды күшіне енген шешімімен қайтыс болды деп жарияланған нысаналы талаптарға қатысушылардың немесе нысаналы жинақтарды алушылардың мұрагерлері уәкілетті операторда банктік шот ашады.
Мүлiкке мұрагерлiк құқығы жөнiндегi мәселелер (материалдық немесе материалдық емес) Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексiнiң (Ерекше бөлiм) 6-бөлiмiнде реттелген.
Ата-аналарға жинақтарды тексеру мүмкіндігі беріледі ме?
Кәмелетке толмаған баланың ата-анасы немесе оның заңды өкілдері жасалған есептеулер туралы ақпаратты egov.kz порталындағы Жеке кабинетінен, сондай-ақ enpf.kz сайтынан қарай алады.
Бала он сегіз жасқа толғанда оған «БЖЗҚ» АҚ-да нысаналы жинақтарды алушының (кәмелетке толған баланың) өзі ғана қол жеткізе алатын нысаналы жинақтау шоты ашылады.
Ұлттық қордан төлем алу үшін банктік шотты қандай банктерде ашуға болады? «Ұлттық қор – балаларға» жобасына қатысу үшін банктерге қойылатын қандай да бір алғышарттар, талаптар бар ма?
«Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» Заңда (бұдан әрі - Заң) уәкілетті операторларға кімнің жататыны туралы ұғым мен «БЖЗҚ» АҚ-ға уәкілетті операторлармен өзара іс-қимыл жасау бойынша міндеттер ғана бекітілген.
Осылайша, Заңда екінші деңгейдегі банктерге ешқандай шектеу қойылмаған, Қазақстанның кез келген екінші деңгейдегі банкі қатыса алады.
Егер egov.kz порталындағы жеке кабинетте бала туралы деректер көрсетілмесе немесе азаматтығы туралы мәліметтер болмаса, қайда жүгінуге болады?
egov.kz порталындағы жеке кабинетте бала туралы деректер болмаған жағдайда ХҚКО-ға жүгіну қажет.
Қазақстан Республикасының азаматтығына жататындығын айқындау үшін тұрғылықты жері бойынша көші-қон қызметі бөліміне жүгіну және қажетті құжаттардың тізімін алу қажет.
Тарихи отанымыз Қазақстанға көшіп келдік, «қандас» мәртебеміз бар, біздің баламыз «Ұлттық қор – балаларға» жобасына қатыса ала ма?
«Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» Заңға сәйкес он сегіз жасқа толмаған Қазақстан Республикасының азаматы нысаналы талаптарға қатысушы болып табылады.
«Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы» Заңға сәйкес Қазақстан Республикасының азаматтығын алғаннан кейін бала «Ұлттық қор – балаларға» жобасына қатыса алады.
2024 жылы 18 жасқа толатын балалар бағдарламаға енгізіле ме және олар қандай сома алады?
Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын (2023 жылғы 31 желтоқсанның соңындағы жағдай бойынша) барлық балалар бағдарламаға енгізілген және оның қатысушысы болып табылады.
2024 жылы 18 жасқа толатын балалар 2023 жылға (бала әлі 18 жасқа толмаған жылы) аударылған нысаналы талаптарын өздерінің БЖЗҚ-да ашылған нысаналы жинақтау шоттарына есептелетін нысаналы жинақтар түрінде алады.
2023 жыл бойынша бір балаға арналған нысаналы талаптардың сомасы Қазақстан азаматы болып табылатын балалардың саны бойынша деректерге (2023 жылғы 31 желтоқсанның соңындағы жағдай бойынша) және Ұлттық қордан есептелген балаларға арналған нысаналы талаптардың жалпы сомасы бойынша Ұлттық Банктен алынған ақпаратқа негізделе отырып есептелетін болады.
Балама қандай соманың тиесілі екенін қалай білуге болады?
Egov.kz (сілтеме) сайты және enpf.kz (сілтеме) сайты арқылы Сіз балаңызға есептелген нысаналы талаптардың ағымдағы сомасын тексере аласыз. Атап кетейік, БЖЗҚ сайтында жалпы сома көрсетіледі. Егер Сіз есептеулердің жылдар бойынша егжей-тегжейлі көрсеткіштерін көргіңіз келсе, онда egov.kz сайтындағы жеке кабинетіңізге жүгінген жөн.
Ақша АҚШ долларымен аударыла ма?
18 жасқа толған балалардың нысаналы жинақтары Ұлттық қордан БЖЗҚ-ға АҚШ долларымен аударылады және БЖЗҚ-да АҚШ долларында сақталады.
Кәмелет жасқа толған бағдарлама қатысушысы өз ақшасын пайдалануға шешім қабылдаған кезде, ол уәкілетті операторға өтініш береді, бұдан соң БЖЗҚ оның жинақтарын уәкілетті операторда ашылған банктік шотына АҚШ долларында аударады.
Бірақ әрі қарай, уәкілетті оператор тұрғын үй мен білім алуға жинақты аударған кезде ақша аударым кезінде өзекті болатын бағам бойынша АҚШ долларынан теңгеге айырбасталады.
Бала ақшаны бірден 18 жасында емес, кейінірек 20 немесе 25 жасында пайдалана алады ма?
Бала 18 жасқа толғанда оның атына БЖЗҚ-да нысаналы жинақтау шоты автоматты түрде ашылады және оған Ұлттық қордан тиесілі қаражат аударылады. Ақша АҚШ долларымен аударылады және нысаналы жинақтау шотында 10 жыл сақталады.
Егер осы мерзім ішінде бала бұл қаражатты пайдаланбаса, онда қаржы оның атына автоматты түрде ашылатын БЖЗҚ-дағы жеке ерікті зейнетақы шотына (ЕЗШ) автоматты түрде аударылады. Ерікті зейнетақы жарналары есепке алынатын осы зейнетақы шотынан жинақтарды алу Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылатын болады.
Бала нысаналы жинақтарын 18 жасқа толғанға дейін пайдалана ала ма?
Жоқ, мұндай мүмкіндік қолданыстағы заңнамада қарастырылмаған.
Балаға есептелген нысаналы ақша Ұлттық қордың валюталық активтерінің құрамында болып, Ұлттық банк бала 18 жасқа толғанға дейін ақшаны инвестициялауды жалғастырады. Осылайша баланың жинағына қосымша инвестициялық кіріс қосылады.
Егер бала азаматтығын ауыстырып, басқа елге кетсе, нысаналы жинақтары не болады?
Бұдан әрі Қазақстан азаматтары болып табылмайтын балалар Ұлттық қордан қаражатты пайдалану құқығынан айырылады.
Егер бала басқа елде туылып, бірақ Қазақстан азаматтығын алса, ол Ұлттық қордан қаражат алуға құқылы ма?
Егер 2006 жылы және одан кейін туылған бала 18 жасқа толғанға дейін Қазақстан Республикасының азаматтығын алса, онда ол автоматты түрде бағдарламаның қатысушысы болады және Ұлттық қордан қаражат алуға құқылы. Бұл ретте оған Ұлттық қордан нысаналы талаптарды есептеу оның туған күнінен емес, Қазақстан азаматтығын алған күнінен бастап жүзеге асырылатын болады.
Бала қайтыс болған жағдайда оның жинақтары не болады?
Бала қайтыс болған жағдайда оған бұрын есептелген барлық нысаналы талаптар (нысаналы жинақтар) ҚР Азаматтық Кодексіне сәйкес мұраға қалдырылады. Бұл ретте, баланың жинақтарын алушы мұрагерлер ақшаны кез келген мақсатқа пайдалана алады, яғни оларды нысаналы пайдалану жөніндегі міндетті талап күшін жояды.
Егер қандай да бір жылдағы инвестициялық кіріс теріс сипат алса не болады?
Ұлттық қордың активтері ұзақ мерзімді негізде инвестицияланады және инвестициялау нәтижелері әртүрлі нарықтық факторлар әсер ететін қаржы нарықтарындағы жағдайға тәуелді. Сондықтан Ұлттық қор активтерінің валюталық бөлігінің жекелеген кезеңдердегі инвестициялық кірістілігінің ықтимал төмендеуін бейтараптандыру үшін ол есепті жылдың алдындағы он сегіз жыл бойынша орташаланады.
Балаларға жыл сайын қандай сомалар есептеледі және мысалы, 2024 жылы туған балаға 18 жылдан кейін қандай сома төленеді?
Жыл сайын "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы бойынша балаларға Ұлттық қор активтерінің валюталық бөлігінің инвестициялық кірісінің 50% есептеледі. Есептеуді Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі (бұдан әрі - ҚР ҰБ) жүзеге асырады. Бұл ретте Ұлттық қор активтерінің валюталық бөлігін инвестициялаудан алынған инвестициялық кіріс есепті жылдың алдындағы он сегіз жыл бойынша орташаланады. Сонымен қатар, өткен жылдардағы балаларға есептелген сомалар Ұлттық қор активтерінің құрамында АҚШ долларымен инвестициялануды жалғастырады. Нәтижесінде оларға қосымша инвестициялық кіріс есептеледі.
Осылайша, балалардың жыл сайынғы сомасы Ұлттық қордың инвестициялық қызметінің нәтижелері бойынша айқындалатын болады.
БЖЗҚ инвестициялық кірістің жалпы сомасын (балалардың шоттарына есептеу үшін ҚР ҰБ жыл сайын айқындайтын) және Қазақстан азаматтары болып табылатын барлық балалардың санын негізге ала отырып, әрбір есепті жыл үшін Бағдарламаға қатысушы әрбір балаға нысаналы талаптардың сомасын есептейтін болады.
Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, болашақта 18 жасқа толған әр балаға төленетін нысаналы жинақтар сомасы қандай болатынын алдын-ала нақты есептеу мүмкін емес. Ол Ұлттық қордың жинақталған активтерінің көлемімен, оның тарихи инвестициялық кірістілігі бойынша нәтижелермен және Бағдарламаға қатысушы балалардың санымен айқындалатын болады.
Егер әр балаға 18 жыл ішінде аударылған қаражат сомасы 2-3 мың АҚШ долларынан аспаса, осындай аз ақшаға оқу ақысын төлеуге немесе үй сатып алуға бола ма?
«Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы білім алу және тұрғын үй жағдайларын жақсарту мәселелерін шешуге ықпал ететін жалғыз бағдарлама емес.
2013 жылдан бастап Қазақстанда Мемлекеттік білім беру жинақтаушы жүйесі (бұдан әрі - МБЖЖ) жұмыс істейді. Оның көмегімен Қазақстанда да, шетелде де ақылы кәсіптік және жоғары білім алу үшін ақша жинауға болады.
Бұл жүйе ата-аналарға бала туылғаннан бастап оның оқу ақысын төлеуге қаражат жинауға мүмкіндік береді. Қазақстанның кез келген азаматы өзіне немесе екінші деңгейдегі банкте баланың атына білім беру салымын аша алады немесе сақтандыру компаниясымен білім беру жинақтаушы сақтандыру шартын жасаса алады, сондай-ақ, инвестициялық кіріске қоса мемлекеттің сыйақысын қосымша жыл сайын ала алады. Мемлекет МБЖЖ-ның барлық салымшылары үшін іс жүзінде білім алу шығындарын төлеуге жинақ қалыптастыруды қаржыландырады. Осылайша, МБЖЖ-дағы жинақтар "Ұлттық қор-балаларға" бағдарламасы бойынша берілетін жинақтармен бірге оқу ақысын төлеуге және білім алуға көмектесе алады.
Тұрғын үй жағдайларын жақсарту үшін «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы бойынша нысаналы жинақтар «Отбасы Банк» тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ-да тұрғын үй құрылыс жинақ салымын толықтыруға бағытталуы немесе түрлі ипотекалық бағдарламалар бойынша қаражатқа қосылуы мүмкін.
Нысаналы талаптардың нысаналы жинақтардан айырмашылығы неде?
Нысаналы талаптар - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 18 жасқа толмаған Қазақстан Республикасының азаматтары алдындағы Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының инвестициялық кірісінің 50 пайызы есебінен жыл сайын қалыптастырылатын міндеттемелері болып табылады.
Нысаналы жинақтар – алушының – он сегіз жасқа толған және нысаналы жинақтарды алуға құқығы бар Қазақстан Республикасы азаматының нысаналы жинақ шотында жинақталған ақшасы. Осылайша, он сегіз жасқа толған кезде нысаналы талаптар ақшалай эквивалент түрінде (АҚШ долларымен) көрсетілетін және БЖЗҚ-дағы нысаналы жинақ шотына есепке алынатын нысаналы жинақ мәртебесіне ие болады.
Орташа инвестициялық кіріс қалай есептеледі?
Ұлттық қордың орташа инвестициялық кірісін жыл сайынғы есептеу Ұлттық қордың соңғы он сегіз жылдағы валюталық активтерінің орташа жылдық (орташа геометриялық) кірістілігін Ұлттық қордың таза валюталық активтерінің орташа айлық (орташа арифметикалық) нарықтық құнына көбейту жолымен жүргізіледі.
Толығырақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 18 қаңтардағы №16 қаулысымен бекітілген нысаналы талаптарды, нысаналы жинақтарды қалыптастыру және есепке алу және нысаналы жинақтарды төлеу, нысаналы талаптарды есептеу қағидаларында танысуға болады.
Ұлттық қордан төленетін нысаналы жинақтарға тыйым салынады:
Ұлттық қордан нысаналы жинақтарды БЖЗҚ-ға аударғаннан кейін оларға инвестициялық кіріс есептеле ме?
Ұлттық қордан нысаналы жинақтарды БЖЗҚ-ға аударғаннан кейін АҚШ долларындағы нысаналы жинақтар қаржы құралдарына инвестицияланбайды және нысаналы жинақтарды алушылардың немесе мұрагерлердің алуы үшін қолжетімді болады.
«Ұлттық қор-балаларға» бағдарламасына қатысу мемлекеттен басқа жәрдемақыларды алуға әсер ете ме, мысалы, мүгедектік бойынша жәрдемақы немесе көп балалы аналарға арналған жәрдемақы болса?
Мемлекеттік жәрдемақы алатын балалар (мысалы, мүгедектік бойынша, көп балалы отбасылар) «Ұлттық қор - балаларға» бағдарламасына барлық балалармен тең дәрежеде қатысады.
Менің баламның мәліметтерінің мемлекеттік дерекқорда болмауына байланысты ол 2024 жылы қатысушылар тізіміне енбеді. Енді ол Бағдарламаға енгізіле ме және бұл нысаналы талаптардың сомасына қалай әсер етеді?
Нысаналы талаптардың қатысушылары тізіміне енгізілмеген және нысаналы талаптардың қатысушыларының жалпы санын есептеу кезінде есепке алынбаған, бірақ нысаналы талаптардың қатысушысы болуға құқығы бар тұлғалар жүгінген кезде нысаналы талаптар өтініш берілген жылдан кейінгі жылы өткізіп алған (өткізіп алған) кезең (кезеңдер) үшін есептеледі.
Бұл ретте заңды өкілдерге ұсынатынымыз:
1) келесілерді тексеру:
балада жеке басын куәландыратын құжаттың болуын (туу туралы куәлік, 16 жастан бастап Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі);
жеке басын куәландыратын құжатта деректемелердің (аты-жөні, т. б., ЖСН, азаматтығы) болуын және олардың дұрыстығын;
"электрондық үкімет" веб-порталындағы өзінің жеке кабинетінде балалар туралы мәліметтердің болуын, тіркелуін және дұрыстығын;
2) егер балада:
жеке басын куәландыратын құжат, ЖСН жоқ болса, тұрғылықты жері бойынша Мемлекеттік корпорацияға (ХҚКО) жүгіну қажет;
азаматтығы жоқ немесе анықталмаған немесе дұрыс көрсетілмеген болса, тұрғылықты жері бойынша көші-қон қызметіне жүгіну қажет.
Ұлттық қордан нысаналы талаптардың есептелуін бақылауды қандай мемлекеттік орган жүзеге асырады?
БЖЗҚ-ның нысаналы талаптарды, нысаналы жинақтар мен нысаналы активтерді есепке алуды жүргізу тәртібін бақылауды Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган жүзеге асырады.
Қандай ұйым Бағдарламаға қатысатын балалардың тізімін жасайды?
БЖЗҚ "Жеке тұлғалар" мемлекеттік деректер қорынан (ЖТ МДҚ) алынған мәліметтер негізінде БЖЗҚ ақпараттық жүйесінде нысаналы талаптарға қатысушылардың электрондық тізімін дербес қалыптастырады.
Менің балама БЖЗҚ-да шот ашылды және оның нысаналы жинақтары аударылды, бірақ неге біз қазір бұл қаражатты пайдалана алмаймыз?
Нысаналы жинақтар шоты БЖЗҚ-да бала кәмелетке толған жылы нысаналы жинақтардың сомасын АҚШ долларымен есептей отырып автоматты түрде ашылатын болады.
18 жасқа толғаннан кейін нысаналы жинақтарды алушылар жинақтарды екі мақсатқа – тұрғын үй жағдайын жақсартуға және (немесе) білім беру ақысын төлеуге пайдалану құқығына ие болады.
18 жасқа толғаннан кейін не оған дейін Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалтқан, Қазақстан Республикасының азаматтығынан айырылған адамдар нысаналы жинақтарды пайдалану құқығынан айырылады.
Нысаналы жинақтарды уәкілетті оператордан БЖЗҚ-ға қайтаруға бола ма?
Уәкілетті оператор нысаналы жинақтар төлемдерін қайтару бойынша жұмысты келесідей жағдайда жүргізеді:
Бағдарламаға қатысушы-алушы қайтыс болған жағдайда оның нысаналы жинақтары БЖЗҚ-ға аударылады. Бұл қаражат БЖЗҚ шотында қанша уақыт болуы мүмкін? Ол ерікті зейнетақы шотына аударыла ма?
Нысаналы талаптарға қатысушы қайтыс болған не нысаналы жинақтарды алушыны қайтыс болды деп жариялау туралы сот шешімі күшіне енген жағдайда, оның нысаналы жинақтары Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мұраға қалдырылады.
Нысаналы жинақтар төлемдерін есептеу үшін мұрагерлер АҚШ долларымен уәкілетті операторда банктік шот ашады.
Мүлікке (материалдық немесе материалдық емес) мұрагерлік құқығы жөніндегі мәселелер Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің (Ерекше бөлім) 6-бөлімімен реттеледі.
Бағдарламаға қатысушы қайтыс болған не қайтыс болды деп жарияланған кезде нысаналы жинақтар мұрагерге (мұрагерлерге) БЖЗҚ-ға тиісті құжаттар ұсынылған кезде төленеді.
Бұл ретте мұрагер (мұрагерлер) қаржы нысаналы жинақтар шотына есептелгеннен кейін нысаналы жинақтар төлемін алу үшін БЖЗҚ-ға жүгінеді.
Қайтыс болған Бағдарламаға қатысушылардың нысаналы жинақтарының талап етілмеген сомалары нысаналы жинақтар шоттарында есепке алынады және ерікті зейнетақы жарналарын есепке алатын жеке зейнетақы шотына аударылмайды.
Балаға БЖЗҚ-да шот ашылып, оның нысаналы жинақтары аударылды. Алайда ол 18 жасқа толғанға дейін бір ай бұрын азаматтығын ауыстырды. Оның мақсатты жинақтары не болады?
Қазақстан Республикасының азаматтығы он сегіз жасқа толғанға дейін немесе одан кейін тоқтатылған кезде нысаналы талаптарға қатысушы немесе нысаналы жинақтарды алушы нысаналы жинақтар төлемін алу құқығынан айырылады, бұл ретте:
1) Қазақстан Республикасының азаматтығын тоқтатқан нысаналы талаптарға қатысушының нысаналы талаптары белгіленген тәртіппен нысаналы талаптардың басқа қатысушылары арасында бөлінуге жатады;
2) нысаналы жинақтарды алушының нысаналы жинақтары нысаналы жинақтарды алушының Қазақстан Республикасының азаматтығын тоқтату туралы ЖТ МДҚ-дан мәліметтерді алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде алушының нысаналы жинақтау шотынан есептен шығарылады және БЖЗҚ-ның келесі есепті жылғы нысаналы жинақтарды алушылар алдындағы міндеттемелері ретінде есепке алынады. Бұл ретте нысаналы жинақтарды алушының нысаналы жинақтау шоты жабылады
Нысаналы талаптарға қатысушы, нысаналы жинақтарды алушы қайтыс болған жағдайда мұраға қалған нысаналы жинақтарды алу үшін мұрагерге қандай құжаттар қажет және оны қайда беруі керек?
Қайтыс болған қатысушының немесе нысаналы жинақтарды алушының мұрагері (мұрагерлері) нысаналы жинақтар төлемі үшін қайтыс болған тұлғалардың нысаналы жинақтары БЖЗҚ-дағы нысаналы жинақтау шотына есептелгеннен кейін ғана БЖЗҚ-ға жүгінеді.
БЖЗҚ-да зейнетақы жинақтары бар тұлғаның қайтыс болуына байланысты зейнетақы төлемдерін ресімдеу үшін қажетті құжаттардың өзекті тізбесі, сондай-ақ, өтініштердің бланкілері және төлем валютасының түріне байланысты оларды толтыру үлгілері, сенімхат үлгісі БЖЗҚ www.enpf.kz веб-сайтында орналастырылған.
Төлемдерді есептеу үшін мұрагерлер уәкілетті операторда АҚШ долларымен банктік шот ашады.
Бұл ретте мұрагерлер ақшаны кез келген мақсатта пайдалана алады, яғни оларды нысаналы пайдалану жөніндегі міндетті талап жойылады.
Нысаналы жинақтарды толығымен емес, бөліп пайдалануға бола ма?
Нысаналы жинақтау шотындағы нысаналы жинақтарды алушы он сегіз жасқа толған және Қазақстан Республикасының азаматтығы болған жағдайда, мақсатты пайдалануға сәйкес қолда бар нысаналы жинақтар шегінде шектеусіз рет пайдалана алады
Бағдарлама шеңберінде БЖЗҚ және уәкілетті оператор құзыретіне қандай мәселелер кіреді?
БЖЗҚ міндетті:
1) нысаналы жинақтарды есептеу және есепке алу үшін нысаналы жинақтау шоттарын ашуды жүзеге асыруға;
2) нысаналы активтер мен нысаналы талаптарды есепке алуды, нысаналы жинақтау шоттарындағы нысаналы жинақтарды есептеуді және есепке алуды, нысаналы жинақтарды алушыға нысаналы жинақтау шотынан уәкілетті операторлардың шоттарына төлеуді, нысаналы жинақтардың қайтарылуын есепке алуды жүзеге асыруға;
3) Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының интернет-ресурсы және (немесе) "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы мынадай мәліметтерді тегін ұсынуға міндетті:
нысаналы талаптардың қатысушысына немесе оның заңды өкіліне нысаналы талаптардың сомасы туралы;
нысаналы жинақтау шотын ашқан күннен бастап кез келген сұрау салынатын күнге нысаналы жинақтарды алушының сұрау салуы бойынша нысаналы жинақтау сомасы туралы;
4) тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) білім алуға ақы төлеу мақсатында нысаналы жинақтарды уәкілетті операторда ашылған алушылардың шоттарына, сондай-ақ, қайтыс болғандардың мұрагерлерінің не соттың заңды күшіне енген шешімімен қайтыс болды деп жарияланған нысаналы талаптарға қатысушылардың немесе нысаналы жинақтарды алушылардың уәкілетті операторда ашылған банк шоттарына АҚШ долларымен төлеуді жүзеге асыруға;
5) нысаналы жинақтарды есепке алу, төлеу және қайтару мәселелері бойынша уәкілетті оператормен өзара іс-қимылды жүзеге асыруға;
6) нысаналы жинақтарды алушы он сегіз жасқа толғаннан кейін он жыл ішінде пайдаланылмаған нысаналы жинақтарды нысаналы жинақтау шоттарынан ерікті зейнетақы жарналарын есепке алатын жеке зейнетақы шотына аударуды жүзеге асыруға.
Уәкілетті оператор (УО) міндетті:
1) тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) білім беру ақысын төлеу мақсатында БЖЗҚ аударатын нысаналы жинақтар төлемдерін есептеу үшін банктік шоттар ашуға және оларды жүргізуге;
2) УО интернет-ресурсы арқылы алушылардан не алушылардың заңды өкілдерінен (алушылардың әрекетке қабілетсіздігі (әрекет қабілеттілігі шектеулі) болған жағдайда) нысаналы жинақтарды төлеуге арналған өтініштерді УО мекенжайына қабылдауды жүзеге асыруға;
3) тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) білім беру ақысын төлеу мақсатында нысаналы жинақтар төлемдерінің нысаналы талабын растау жөніндегі құжаттарды қабылдауды және тексеруді жүзеге асыруға;
4) нысаналы жинақтарды олардың нысаналы талабы бойынша аударуға;
5) қайтару себептерін көрсете отырып, нысаналы жинақтарды төлеу сомаларын (АҚШ долларымен) БЖЗҚ-ға қайтаруды жүзеге асыруға.
Нысаналы жинақтарды уәкілетті операторға қайтарған кезде айырбастау қандай бағам бойынша жүзеге асырылады?
Нысаналы жинақтарды төлеу сомасын айырбастауға, қайтарылған кезде қайтаруға уәкілетті оператордың қайтару сәтінде белгілеген валюта бағамы бойынша айырбасталған АҚШ долларындағы сома жатады.
Бұл ретте нысаналы жинақтарды алушының БЖЗҚ-да ашылған нысаналы жинақтау шотына нысаналы жинақ төлемдерін аударуға (қайтаруға) байланысты айырбастауға байланысты шығыстар, банк қызметтерін төлеу нысаналы жинақтарды алушының қаражаты есебінен жүзеге асырылады.